Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Өмір қалыпты арнасына түсті. Месси мен Роналду қос голдан соқты

Өмір қалыпты арнасына түсті. Месси мен Роналду қос голдан соқты

Өмір қалыпты арнасына түсті. Месси мен Роналду қос голдан соқты

Айдай әлемнің алдында азуын білеген қос мықты «Камп Ноу» стадионында тағы да кездесті. Миллиондаған көрерменнің алдында жер-дүние қайта дөңгеленіп, құлпырып сала берді. Тең есеппен тарасқан ойында теңбіл доп қақпа торына төрт рет кіріп-шықты. Ең бастысы, төрткүл дүние жұртшылығының басы бір қосылды...

Бұл ойын бұрынғы ойыннан өзгерек болды. Каталондықтардың осалдығы мен кемшін тұстарын назарға алатын болсақ, онда корольдік клубтың жеңіске жетуіне әбден болатын еді. Алайда, Жозенің жаза басқан күндерінің бірі осы болды. Шабуыл шебіне шыққан Бензема бірінші минуттардан-ақ көлеңкеде қалып қойса, орталықта ойқастаған тегі түрік Озил жарты тайм бойы тасада жүрді. Ал Тито баптайтын Месси бастаған, Хави қостаған ойыншылардың бірі жоқтан барды жасаса, енді бірі кәріліктің ауылына ат басын салғандай сыңай қалдырды.

Пресс-конференцияда Хосептің орнын басқан жаңа бапкер өз командасының жеңілу күдігін алға тартқан болатын. Әрине, екі бірдей қорғаушысы жарақат алып жатқан қорғанысты жаратқаннан басқа ешкімге табыстауға болмайтын еді. Бірақ, футбол деген спектакльде орын ауыстыратын әртістер табылатын-ды.

Сонымен екі мықты тең тарасты. Месси мен Роналду екі голдан соғып, әлемнің мықты ойыншысы болуға деген талап-тілектерін табандылықпен таныта алды. Рушылдық пен жершілдікке бөлінуді қойып, «Барса» мен «Реал» болып бөліне бастаған қазақ жастары тыныш ұйқыға қайта ден қойды.

Сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

216 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 08 қазан 2012, 12:52
Пікірлер
+0
08 қазан 2012, 14:13

Әй қызық болды)

+0
08 қазан 2012, 15:54

Роналду әрқашан бірінші ғооо :)

+0
08 қазан 2012, 16:12

Роналду әдемілігімен қыздардың жүрегінде, ал Месси ойынымен )))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...