Нецид: «Ресейге гол соғуға тырысамын»

Нецид: «Ресейге гол соғуға тырысамын»

Бүгін Еуропа чемпионатының қос қола жүлдегері арасында ойын өтеді. Екі команданың сапында мықты ойыншылар баршылық. Мәселен, Ресей құрамасының сапындағы Аршавиннің өзі неге тұрады. Англия біріншілігінде жақсы ойын көрсетіп жарытпаса да, бұл ойыншының құрама сапында жасындай жарқылдары анық. Ал Чехия құрамасынан Нецидті атауға болады. Аталған ойыншы да жақсы ойын мәнерімен талайды таңғалдырып жүргені анық. Ендеше, бүгінгі ойынның қызықты өтетіні айтпасақ та белгілі. 

Бүгінгі болар ойынды талайдың күткені анық. Әсіресе, Нецидтің. Ол кезекті бір журналистерге берген сұхбатында Ресей құрамасына гол соғуға тырысатынын мәлімдеген еді. 

"Ресей құрамасын жеңуге күш жетеді. Біз жақсы дайындалдық. Бірақ, жеңіс үшін 110% барымызды салуға тура келеді. Сонда барып қана бәрі жақсы болады"- дей келе Нецид - Ресейдің шабуыл шегінің мықты екенін ескерсек, қорғаныста сенімді ойнауға тура келеді. Және үнемі белсенді болуымыз керек. Әрине, мен өз кезегімде гол соғуға тырысамын"-деген болатын.

Ресейдің "ЦСКА" командасында ойнайтын чех ойыншысы клубтастарымен смс арқылы хабар алысып тұратындығын және алдағы ойын (бүгінгі өтер ойын) туралы емес, жалпы футбол туралы, өздері туралы әңгіме өрбитінін қоса негізге алған еді.

Мамандар тарапынан бүгінгі ойын 2:1 есебімен Ресейдің пайдасына шешіледі деген болжам бар. Кейбірі тең есеп орын алатынына сенімді.

Ресей мен Чехия арасындағы ойын бүгін Астана уақытымен 00:45-те басталады. Ойын Польшаның Вроцлав қаласының Мейски стадионында өтеді.

Сурет: eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбеков

Л. Лига