"Барыс" командасына жаңа басшы келді

"Барыс" командасына жаңа басшы келді

"Барыс" хоккей клубының атқарушы президенті міндетіне Асхат Акчурин отырды. Бұл ақпаратты Vesti.kz сайтының тілшісі таратып отыр.

Бұған дейін Асхат Акчурин әлеуметтік мәселелер («ҚТЖ» ҰК» АҚ - "Барыс" командасының бас демеушісі) мен қызметкерлерді басқару жөніндегі вице-президенті қызметін атқарған. Естеріңізге салсақ, 2006 жылдан бері "Барыс" командасын Нұрлан Оразбаев басқарып келген еді. 4 маусым күні сол келісім-шарт аяқталып, ол қызметінен кеткен еді. 

Айта кетсек, Асхат Акчурин өзінің мансап жолында бірінші рет топ-менеджер болғалы отыр. Ол Қазақ Ұлттық ауылшаруашылығы институтын тәмәмдаған. 1983 пен 1996 жылдары инженер-конструктор, бас инженер қызметін атқарған. 1996-2008 жылдары Ақмоланың, Астана қаласының Алматы және Сары-Арқа аудандарының әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінде, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары ретінде қызмет жасаған. 2010 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған.

Акчуриннің хоккей командасында қанша уақыт болатындығы туралы хабар әлі таратылмай отыр.

Естеріңізге салсақ, жақында Нұрлан Оразбаев ұлттық құраманың бас менеджері қызметінен бас тартқан-ды.

Сурет: vesti.kz

Л. Лига