Головкин чемпиондық атағын қорғап қалды

Головкин чемпиондық атағын қорғап қалды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақта WBA версиясы бойынша өзінің чемпиондық атағын сақтап қала алды.

Геннадий 28 жасар жапондық Макота Фучигамиді техникалық нокаутпен тізе бүктірді. 

Шайқас Украинаның Броварында өтті. Алғашқы раундтың өзінде жерлесіміз өзінің басымдылығын анық байқатты. Жапондық боксшының қабағы жарылып, қиындыққа қалды. Екінші раундта қарсылас спортшы тағы да осалдығын білдіріп, нокдаунға түсіп қалды. Боксшылар үшінші рет рингке шыққанда, Макотаның жамбасы тағы да жерге тиді. Осыдан кейін, төреші шайқасты тоқтату туралы шешім қабылдап, жеңістің Генадийде екендігін білдірді. 

Естеріңізге сала кетелік, осы жылдың 30 қыркүйегінде Головкин неміс боксшысы Феликс Штурммен қолған түйістіретін болады. Штурмның WBA версиясы бойынша суперчемпион екендігін айтып өтелік.

сурет: youfight.info

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ