АПЛ 13-тур. "Манчестер Юнайтед" - "Тоттенхэм"

АПЛ 13-тур. "Манчестер Юнайтед" - "Тоттенхэм"

Ағылшын премьер-лигасының 13-турында бірқатар тартысты кездесулер өтеді. Әдеттегідей, кездесулер алдында біршама сауалдарға жауап іздеп көрсек...

Сэр Алекс «Манчестер Юнайтедті» «Тоттенхэмге» қарсы дайындап үлгерді ме? 

"Манчестер Юнайтед" пен "Байер" командалары арасындағы кездесуден соң, ойын аяқталысымен сэр Алекс бұрынғы тәлімгерлерінің киініп жатқан бөлмесіне кірген. Бір қызығы, қарт маман не айтуы мүмкін еді. "Қызыл сойқандар" мен "шпорлар" арасындағы ойынға бір қатысты дей алмаспыз, дегенмен...

Жексенбінің кешінде, екінші ойын күнінде қос ұжымның тартысы орталық матчқа айналуы мүмкін. Соңғы турда есе жіберіп қойды демесеңіз, "шпорлар" әлі де Чемпиондар Лигасына шығуға басты үміткерлер қатарынан саналады. Осы кезге дейін көпшілік мамандар «Тоттенхэмның» шабуылына көз тігіп, сын тағып келді - 12-турда 9 гол. Енді міне қорғанысына ауыз салып отыр екен («Манчестер Ситиден» ойсырай жеңілген соң, бір ойында 6 гол жіберіп алған). Соңғы 4 ойынды алғанда (Еуропа Лигасын қоса)  «Тоттенхэм» бар-жоғы бір ғана гол соға алған. 

"Канинирлер" өз үйінің төрінде «Кардифф Ситиді» жеңе ала ма?

Қонаққа Кардиффке барып, «Манчестер Юнайтед», «Эвертон», «Манчестер Сити» секілді алпауыттар ақсап қайтты. Атақты алпауыттардың сол жолғы оңғарылмаған жүрісін лондондық "Арсенал" түзетуге тырысады. Бір айта кетерлігі, сол өңірден 3 ұпай алып қайтқан бір ғана команда бар, ол - лондондық «Тоттенхэм».

"Қарлығаштар" "Юнайтедке" қарсы өткен ойында тең есепке қол жеткізді, бірақ, әлі де еркін аяқ алыстарына кепілдік жоқ, себебі, ұшу алаңынан 3 ұпай бөліп тұр. 

"Канонирлер" турнирлік кестеде бірінші орында, қарсыластары төрт ұпайға қалыс келеді.

Йол үшін соңғы мүмкіндік

Мартин Йолдың бас бапкерлікке тағайындалғаны бір кездері ағылшын футболында ерекше жаңалық болғаны рас. Команданың бір жеңілісінен кейін бас бапкерді орнынан алып тастайды деп кім ойлаған?! Өткен турда "Суонси" клубына есе жіберіп алған соң, артынша бірбеткей шешім қабылданды. Басшылықтың сенімі таусылып, Мартинге бір ойынға тізгін ұстай тұруына мүмкіндік берді. 

Ағылшын футболының элитасынан орын алуға «Вест Хэм» мен «Фулхэм» командалары ежелден бақталас келеді. Қонаққа барған кездесуде нидерландық бас бапкер бар мүмкіндігін салуы тиіс. Клуб ішіндегі туындап отырған қиындықтардың себебі әзірге белгісіз. Команда маусымаралық үзілісте бірқатар жаңа ойыншыларды алып, құрамдарын толықтырған болатын. Тәжірибелері ойыншылар да жинақталды.

«Вэст Хэмнің» аяқ алысы... бір ғана қиындық күтіп тұр - Энди Кэрролл. "Балғашылардың" бас бапкері Сэм Элардайс өткен маусым соңында команда тарихындағы ең қымбат трансферді жасап, шабуылда Эндиге үлкен сенім артқан болатын. Күтпеген жерден тосын оқиға ілікті - ағылшын футболшысы маусым басында-ақ жарақатының байланысты қатардан шығып қалды, ал команда шабуылшысыз ойнауда. 

Артур Боруц қақпа маңында Это’О-ны алдай ала ма?

Лондондық "Челси" мен Саутгемптонның "қасиеттілері" кездескелі отыр. "Қасиеттілердің" қатарынан соңғы ойында дриблинг кереметін көрсетемін деп... өз қақпасына гол жіберіп алған бір ойыншы бар. Бұл - поляк қақпашысы Артур Боруц. «Арсеналға» қарсы өткен кездесуде Артур "қасиеттілердің" осы маусымдағы екінші жеңілісіне басты себепкер атанды.

Сөйте тұра, Боруц бұл маусымда қақпасына ең аз гол жіберген қақпашылар қатарынан. «Саутгемптонның» «Стэмфорд Бридж» стадионынан ұпай алып кетуге мүмкіндігі бар.

"Ақсүйектер" сапында АПЛ-дың "тазқарасына" айналып үлгерген камерундық шабылшы Самюэль Это’О ойнайды. Кақпашылар өз істерімен айналыспаған тұста, камерундық  өз ісіне кірісіп жатады. Бірінші болып нысанасына допты теуіп үлгермеген «Кардифф Ситидің» қақпашысы ілікті. Сосын ниндзя жүрісімен «Шалькенің» қақпашысынан сан соқтырды. Кейінгі «Вест Бромвичпен» өткен кездесуде Бен Фостердің абайсыздығын аңғарып, жылмақай жүріспен тағы да гол соқты. 

«Челси» осы аптада «Базельге» қарсы сүреңсіз ойын ойнады. Жексенбінің кешінде құлай сүйген жанкүйерлерінің алдында көңілді көтеруге тырысады. 

13-турдың бірінші ойын күнінде 6 ойын өтеді:

  • "Астон Вилла"   -   "Сандерленд"                                   
  • "Вест Хэм"   -  "Фулхэм"                                             
  • "Кардифф"    -  "Арсенал"                                           
  • "Норвич"   -  "Кристал Пэлас"                               
  • "Эвертон"   -   "Сток Сити"                                        
  • "Ньюкасл Юнайтед" - "Вест Бромвич" 

Бұл қатардан орталық матчты анықтай қою қиын, әрине. Алпауыттар кәрі құрлықтың додасына байланысты жексенбі күні ойнауда. Тек "Арсенал" ғана бұл ережеден сыртқары қалды. Осы жолы...

«Ньюкасл» төрт ойында қатарынан жеңіске жетуге тырысса, «Эвертон» Чемпиондар Лигасына жолдама алуға бір табан жақындай түспек. «Астон Вилла» өз алаңында «Сандерлендты» қабылдап, осы маусымдағы өз алаңындағы екінші жеңісіне қол жеткізгісі келеді.

  • "Тоттенхэм" -  "Манчестер Юнайтед"                                 
  • "Халл Сити"  -  "Ливерпуль"                                      
  • "Манчестер Сити"  - "Суонси"                              
  • "Челси"  -  "Саутгемптон"

Жексенбінің кешінде «Ливерпуль» жағдайы бір жақсармаған «Халл Ситиге» қонаққа барады. «Мерсисайдтықтардың» бұл маусымдағы бір жетістігіі - ақыры аутсайдерлерден ұпай алып үйренді. Маусым басынан бері «Ливерпуль» турнирдің төменгі орнында тұрған 6 команданы жеңіп келіпті.

«Манчестер Сити» мен «Суонси» арасындағы ойын ерекше тартысқа толы болмақ деп күтілуде. "Қалалықтар" барлық бірдей турнирді есепке алғанда, қатарынан 3 ойын өз алаңында ойнағалы отыр. Соның екеуінде 10 гол соғылыпты... 

Автор: Әкежан Дәкен

Сурет: live.bete.tv; sports.ru

Л. Лига