Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Карлоның тізгініндегі "корольдік клуб"

Карлоның тізгініндегі "корольдік клуб"

Карлоның тізгініндегі

"Корольдік клуб" Карлоның тізгін ұстауымен көш ілгері жөнге түсіп келеді. Көшбасшы ойыншылар қатарға қосылып, жаңа маусымға жаңа орындаушылар сатып алынды. Осы хақында...

Менеджерлердің сәтті саудасына айналған Гарет Бэйл соңғы үш ойында үш гол соғып, төрт нәтижелі пастың авторы атанған. Роналдудың көшірмесі саналатын валиялық ойыншы (оң жақ бөлікте) ойқастауға келгенде алдына жан салмайды, ойнауға келгенде испан футболына ене алмай жүр. Соған қарамастан, соңғы турларда Роналду мен Гарет жұбы шабуылдағы нәтижелілікті екі есе арттырған.

Уақыт өте толыса түсетін ойыншылар қатарында Карвахаль, Ильяраменди, Хеселер секілді жас буындарды айтуға болады. Қосалқы құрамда қалған Альваро Моратаның да есімі бөлек. Жозенің уақытынан бері ойынның тағдырын шешуге, соңғы минуттарда шығуға үйренісіп қалған ойыншылар тағы бар. Сол қатарда бүгінде негізгі құрамға шығып жүрген Бенземаны айта кетуге болады. Жас алжирлікті кезінде Перестің өзі қалап алғызған болатын. Португалдық маманның тұсында сауатты ойын өрнегімен қоса, қорғаныстағы сақ қимылы аталған клубқа көп жетістік сыйлады десек, артық айтқандық емес. Зизудың тәрбиесімен түзеліп келе жатқан сыңайлы. 

Англиядан Суарес пен "ПСЖ"-ның жейдесін киген Каваниді алдыруға болады. Екеуі де аянып қалмайтын ойыншы есепті танылған. Біріншісі, тіпті, біреудің қолын тістеп жатудан алдына жан салмайды, жара салады. Немесе ағылшын алпауыттарының бірінен Марадоннаның бұрынғы күйеу баласы Агуэроны алдырсын. Аргентиналық сұрмергеннің техникалық шеберлігі футболдағы әріптестерін де тәнті қалдырады. Әйтпесе, жап-жас Янузайға неге құда түсіп көрмеске?!

Жартылай қорғаныстағы Ди Мария мен Модричті осал ойыншылар деуге келмес, осы бастан оларға сенім арта берген дұрыс секілді. Ди Мария дес бермесе де, ескеретін тұстар бар. Сауатты, сақ қимылдаған ойыншыға өткірлік, не болмаса өзіне тән мінез-құлық жетіспей жатады. Жартылай қорғаушы алаңды билеп төстеп алуға міндетті, сонда ғана командасы жеңіске жетпек. Сонда ғана өзгелерге де сенім артуға болады. Модричтің де бұл қатарда қалыс қалмайтынын аңғарамыз, кезі келсе хорват ойыншысы ойын тағдырын шешіп кетеді. Бірақ, жүз пайыздық дәлдік пен тапқырлық кездеспейді. Өзі көрсе пас беріп жатады, көзі көрсе ойланып қалады...

Хаби Алонсо қатарға қосылған бетте қақпа маңдайшасын дәлдеді. Соңғы кезде футбол төңірегінде осы футболшы жайлы айтылып жүрген қауесеттер көп. (Біреулер өзінің бұрынғы клубы "Ливерпульге" қайта оралуы мүмкін десе, ал ендігі біреулер Италияға қоныс тебеді деген сенімде.) Мүмкін, біз білетін Хаби қақпа маңдайшасын дәлдеу арқылы көпшілікке жауап қатумен бірге, Перес мырзаның басшылығына үн қатқан шығар...

Автор: Фараби Арыстанбек

сурет: wordpress.hotpress.com 

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 09 қараша 2013, 10:30
Пікірлер
+0
09 қараша 2013, 13:16

модрич реалдын ойынына тез үйренді келе сала , бейл енді -енді

+0
09 қараша 2013, 14:47

Уақыт керек Бэйлге. Көрсетер қызығы алды деп ойлайм

+0
09 қараша 2013, 19:33

"Жан салмайды, жара салады" :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.