Чемпиондар Лигасы. Кездесуден соң...

Чемпиондар Лигасы. Кездесуден соң...

Жаңа ғана Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің төртінші ойындарының алғашқы күніндегі кездесулер аяқталды. Назарларыңызға кездесулердегі нәтижелерді ұсынамыз.

«А» тобы

 «Шахтер» (Украина) 0 – 0 «Байер» (Германия)


"Шахтер" есесін қайтара алмады...

Донецкілік "Шахтер" екі апта бұрын «БайАренадағы» есесін қайтара алмады. Қауіпті соққылары қақпа бағанынан кейін серпіліп жатты. Леверкузендік команда да өз кезегінде аянып қалмады. Дегенмен қос ұжым бір-бірінің қақпа кілттерін таба алмады.

«Реал Сосьедад» (Испания) 0 – 0 «Манчестер Юнайтед» (Англия) 

 

Қақпа бағаны құтқарған кездесу...

Бұл топтағы екінші команда да 0:0 есебі тіркелді. Алаң иелерінің жеңілістен аман алып қалған – қақпа бағаны мен қақпашы болды. Алғашқы таймда Чичаритоның бірнеше мүмкіндігі болса, екінші таймда Робин ван Перси бір рет қақпа бағанын көздеп, соңынан пенальтиі де қақпа бағанынан қайтты.

"A" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Манчестер Юнайтед  4 2 2 0 6:3 8
2.   Байер 4 2 1 1 8:5 7
3.   Шахтер Дн 4 1 2 1 3:5 5
4.   Реал Сосьедад     4 0 1 3 1:5 1

«В» тобы

«Копенгаген» (Дания) 1 – 0 «Галатасарай» (Түркия)

Топтағы командалар жағдайы шиеленісе түсті

Дат командасы өз алаңында «Галатасарайды» тізе бүктірді. Алғашқы минуттардан түркиялық команданың қақпасына лап қойған алаң иелері өз дегеніне көп уақыт өткізбей-ақ қол жеткізді. 6 минутта Д. Браатен өкшесімен доп бағытын қақпаға дәл бағыттай есеп ашты. Араға бірнеше минут сала тағы бір шабуылы қақпа бағанынан қайтты. Ал Роберто Манчини шәкірттері соңғы сәтте әлсіздік танытумен болды. Кездесу соңына дейін осы есеп сақталды.

«Ювентус» (Италия) 2 – 2 «Реал» (Испания)


«Ювентусты» жауапты кездесулер күтіп тұр...

Туриндік команда өз алаңында барын салып бақты. Алғаш болып есеп ашқанымен, Роналду, Бэйл және Бензема жұбы алаң иелерінің жеңіске жетуіне мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар негізгі құрамда алаңға шыққан Хаби Алонсо мен Икер Касильяс та керемет өнер көрсетті. Осылайша алаң иелері соңғы бес жылда өз алаңында «Реалды» жеңіп келе жатқан рекордын қайталай алмады. Енді «Ювентусты» алда екі жауапты кездесу күтіп тұр.

"B" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Реал 4 3 1 0 14:4 10
2.   Галатасарай      4 1 1 2 6:10 4
3.   Копенгаген 4 1 1 2 3:8 4
4.   Ювентус 4 0 3 1 6:7 3

«D» тобы

«Манчестер Сити» (Англия) 5 – 2 «ЦСКА» (Ресей) 


Екі дубль, бір хет-трик

Мануэль Пеллегрини шәкірттері өз алаңында «ЦСКА»-ны ойсырата жеңді. Серхио Агуэро «Химки» стадионында өткен кездесудегі нәтижесін қайталаса, Негредо хет-трик авторы атанды. Ал мәскеулік командадан екі голды да Думбия соқты.

«Виктория Пльзен» (Чехия) 0 - 1 «Бавария» (Германия)

«Бавария» топтан шығу мәселесін шешіп қойды

«Бавария» өз тобының фавориті екенін айқын дәлелдеп берді. 4 кездесуден кейін 12 ұпай жинап, топтан шығу мәселесін шешіп үлгерді. Ал бүгінгі кездесуде шешуші голды Манджукич баспен бағыттап соқты.

"D" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Бавария 4 4 0 0 12:1 12
2.   Манчестер Сити      4 3 0 1 11:6 9
3.   ЦСКА 4 1 0 3 6:12 3
4.   Виктория П 4 0 0 4 2:12 0

«С» тобы

«ПСЖ» (Франция) 1 – 1 «Андерлехт» (Бельгия)

Бір гол бір ұпай

Бельгиялық команда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы голын соқты. «ПСЖ» қақпасына енген гол командаға алғашқы ұпайды да сыйлады.

«Олимпиакос» (Грекия) 1 – 0 «Бенфика» (Португалия)


«Бенфика» өзінде бар мүмкіндікті пайдалана алмады. Алаң иелерінің қақпасына бағыттаған соққылары бірде қақпа бағанынан, бірде қақпашыдан қайтып жатты. Есесіне Пирей қаласының өкілдері өз кезегінде аянып қалмады. 13 минутта Манолас Хонеластың бұрыштамадан асырған пасын қақпа торында тулатып, «Олимпиакосқа» қажетті 3 ұпайды сыйлады.

 

"C" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   ПСЖ 4 3 1 0 13:2 10
2.   Олимпиакос     4 2 1 1 6:5 7
3.   Бенфика 4 1 1 2 3:5 4
4.   Андерлехт 4 0 1 3 1:11 1

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru, vk.com

О. Сансызбай