"Қайрат" халықаралық Гран-Приде күміс медальға ие болды

"Қайрат" халықаралық Гран-Приде күміс медальға ие болды

Норильскіде футзалдан өткен халықаралық Гран-Приде қазақстандық "Қайрат" командасы күміс медальға ие болды. Бұл туралы команданың ресми сайтында хабарланды.

Шешуші ойында "Қайрат" Норильскілік "Никельден" 4:5 есебімен ұтылып, екінші орынды иеленсе де, "Қайраттың" өкілдері бұл нәтижемен келіспейтіндіктерін айтуда. Олардың айтуынша, төреші қасақана қарсы командаға болысып, төрешілік қызметін әділ атқармапты. "Ойыншылардың арасында орын алған көп кикілжіңдерді осымен түсіндіруге болады", - деді ресми өкіл. Сондай-ақ, "Тіпті "Қайраттың" директоры Сергей Белокуров та ойынды соңына дейін көре алмады. Шектен тыс белсенділігі үшін полиция қызметкерлері оны алаңнан аластатып, шығарып жіберді", - деп өкпесін білдірді. Қайталап өтелік, Гран-Приде жерлестеріміз екінші орынды қанағат тұтса, беларустық  "ВитЭн" қола медальға, қытайлық "Шанхай Ксюфан" төртінші орынға ие болды.

сурет: frsk.kz