Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Премьер-лига. Кім чемпион болады?

Премьер-лига. Кім чемпион болады?

Премьер-лига. Кім чемпион болады?

Футболдан ХХІІ ел премьер-лигасының екінші айналымы басталар күн де алыс емес. Осыған орай төменгі алтылықта қалған командалардың бас бапкерлерінің чемпиондық атаққа лайықты деп атаған командалары мен болжамдарын ұсынамыз.

Ел премьер-лигасының алғашқы айналымынан кейін "Ақтөбе" көш басында, олардан 6 ұпай аз жинаған "Астана" екінші орын, елордалық ұжымнан кейін "Шахтер", "Ертіс", "Қайрат" және "Ордабасы" командалары алғашқы алтылықты қорытындылаған болатын. Сонымен алғашқы алтылық ішінен кім ел чемпионы болуы мүмкін? Vesti.kz сайты ұсынған төменгі алтылықтағы футбол клубтарының бас бапкерлерінің жауабын тыңдап көрейік.

Миодраг Радулович, "Атырау" командасының бас бапкері:

- Менің ойымша, елордалық "Астана" командасы чемпион болады. Екінші орынды "Ақтөбе", үшінші жүлделі орын "Шахтер" немесе "Ертіс" еншісіне тиеді.

Тимур Оразов, "Тобыл" командасының бас бапкері:

- Меніңше Йоан Андоне шәкірттерінің "Ақтөбеден" гөрі чемпион атануға мүмкіндігі мол секілді. Екінші орын - "Ақтөбе", үшінші орынды - "Шахтер" алады деп ойлаймын.


Владимир Фомичев, "Восток" командасының бас бапкері:

- Чемпион "Ақтөбе" командасы, екінші орын - "Астана", үшінші орынды - "Шахтер" алады деп ойлаймын. Премьер-лигада батысқазақстандық ұжым фаворит болып саналады. Команданың құрамы мен біркелкі ойын өрнегін көрсетуі алтын алқаға жетелері сөзсіз.


Омар Тетрадзе, "Жетісу" командасының бас бапкері:

- Алғашқы айналымда "Ақтөбе" қарсыластарынан 6 ұпайға ұзап шықты. Алайда бірнеше жеңіліс команданы тығырыққа тіреуі ғажап емес. Көбіне "Астананың" чемпиондыққа қол жеткізуге мүмкіндігі мол секілді. Өйткені Йоан Андоне шәкірттері Еурокубок жолындағы жарысын аяқтап қойды. Ал "Ақтөбе" мен "Шахтерға" екі жақты тартыс жүргізу оңай емесі анық. Меніңше, екінші орын - "Ақтөбе", үшінші орынға - "Шахтер" мен "Қайрат" командалары таласады деп ойлаймын.


Любомир Петрович, "Ақжайық" командасының бас бапкері:

 - Алтын жүлде - "Ақтөбеге", күміс жүлде - "Астанаға", қолаға - "Қайрат" пен "Ертіс" таласады деп ойлаймын. Ал Кубокты қарағандылық "Шахтер" иеленеді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, ел премьер-лигасының екінші айналымының ойындары 17 тамыз күні "Астана" - "Шахтер", "Ордабасы" - "Ақтөбе" кездесулерімен бастау алады. 18 тамызда "Қайрат" - "Ертіс", "Тобыл" - "Жетысу", "Атырау" - "Ақжайық", "Восток" - "Тараз" кездесулері өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

350 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 13 тамыз 2013, 15:46
Пікірлер
+0
13 тамыз 2013, 21:11

Петровичпен келісемін!

+0
13 тамыз 2013, 21:53

ФК Ақтөбе - Чемпион!!!

+0
14 тамыз 2013, 12:32

Бәрі қалып, "Ордабасы" чемпион болып кетсе сенсация болар еді :D

+0
15 тамыз 2013, 22:13

чемпион актобе 2орын шахтер лайыкты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...