Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Премьер-лига. «Ақтөбе» көштен ұзай түсті

Премьер-лига. «Ақтөбе» көштен ұзай түсті

 Премьер-лига. «Ақтөбе» көштен ұзай түсті

Футболдан ел премьер-лигасының ХХІ турының соңғы үш кездесуі де мәресіне жетті. «Ақтөбе» қонақта, «Қайрат» өз алаңында жеңіске жетсе, румындық бапкер Йоан Андоне алғашқы кездесуін тең аяқтады.

«Тараз» (Тараз) – «Астана» (Астана)

Жақында ғана елордалық клуб тізгінін ұстаған румындық маман Йоан Андоне алғашқы ойынын Таразда өткізіп, тең нәтижеге қол жеткізді. Осыған дейін қос ұжым премьер-лигада 9 кездесу өткізген екен. Оның алтауында «Астана» жеңіске жетсе, екеуінде оңтүстіктік клуб   жеңіп, бір кездесу тең аяқталған.

Қарағандылық төрешінің ысқырығы шалынысымен «Тараз» алға ұмтылды. Кездесудегі алғашқы қауіпті соққы да жергілікті ұжымның орындауында болды. 11 минутта Обиораның айып алаңына асырған добына Жақып Қожамберді жетіп үлгермеді. Араға тағы 11 минут сала қонақтар қауіпті соққы жасады. Бірнеше қорғаушыны алдап айып алаңына енген Дамир Кояшевичтің соққысын Рамиль Нұрмұхамедов алаң сыртына шығарумен шабуылды аяқтады. Екінші таймдағы аса қауіпті сәт Дамир Кояшевичтің бағыттаған соққысы болды. Бірақ доп қақпа бағанасына тиіп, «Таразды» жеңілістен құтқарып қалды. Алайда «Тараз» сапынан 85 минутта Александр Кучманың да айып соққысы қақпа бағанынан қайтты. Осылайша тең дәрежеде өткен кездесуде есеп ашылмады. Ойын соңынан Зелаоның дөрекі ойнады деп сөккен тараздық ұжым мен «Астана» арасында қақтығыс орын алып, екі ойыншы алаңнан қуылды.

«Тараз» — «Астана» 0:0
Ескертулер
: Д. Евстигнеев 17, Нестеренко 60, Заречный 63 — Игуманович 50, Шахметов 78, Бейсебеков 84
Алаңнан қуылды: Диакате — Коробкин (ойын соңынан)
«Тараз»: Нұрмұхаметов, Шабаев, Воротников, Нестеренко, Д. Евстигнеев, Скорых, Эссомба, Кучма (к), Заречный (Диакате 81), Одита (Лечич 75), Қожамберды (Бауыржан 86)
Қосалқы құрам: Мехмедович, Айтбаев, Кенбаев, Цветков
«Астана»: Эрич, Бейсебеков, Зелао (к), Дмитренко, Игуманович (Горячий 65), Кетевоама, Коробкин, Шахметов, Кояшевич (Твумаси 77), Нөсербаев, Тәжімбетов (Қуат 59)
Қосалқы құрам: Пасичник, Ахметов, Логиновский, Қонысбаев
Төрешілер: Кучин (Қарағанды), Богданов, Обрядов (екеуі де — Семей)
28 шілде. Тараз. «Орталық» стадион. 2300 көрермен.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Ақтөбе» (Ақтөбе)

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алған «Ақтөбе» Шымкентке екінші құраммен барды. «Ордабасы» командасы өз тарихында батысқазақстандық команданы бір-ақ рет жеңген екен. Оның өзі 2006 жылы орын алған. Соңғы кездесуде Виктор Пасулько командасы  Мұхтар Мұхтаровтың ойынға қатыса алмау құқығын ескеруді ұмытып, «Шахтердан» техникалық есеп айырмасымен жеңілген болатын.

Шымкенттегі Қажымұхан Мұңайтпасов алаңында өткен кездесуде «Ақтөбе» бір доп айырмасымен «Ордабасыны» жеңіп, премьер-лигадағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді. 47 ұпай жинаған Владимир Никитенко шәкірттері көштен ұзай бастады. Батысқазақстандық команда сапынан «Ордабасы» қақпасында жеңіс добын тулатқан Сергей Гридин болды.

«Ордабасы» — «Ақтөбе» 0:1 (0:0)
Гол:
Гридин 50
Ескертулер: Бабатунде 73, Бейсенов 82, Мухтаров 82 — Мирошниченко 60, Давыдов 82, Логвиненко 90+3
«Ордабасы»: Григоренко, Адырбеков (Пахолюк 84), Мұхтаров, Мвесигва, Арури, Бейсенов, Бабатунде, Левин (Сыдықбек 75), Аширбеков (Белич 71), Нұрғалиев, Юнузович
Қосалқы құрам: Отарбаев, Алиев, Ирисметов, Төлебек
«Ақтөбе»: Нарзикулов, Харабара (Мулдаров 89), Бадло, Мирошниченко, Примус, Гридин (Давыдов 80), Арзуманян, Тагыберген, Логвиненко, Ковальчук (Шалекенов 90+3), Балтаев
Қосалқы құрам: Сидельников, Дяденко, Вольф, Аймбетов
Төрешілер: Вишниченко (Қостанай), Жаппасбаев (Қызылорда), Искаков (Қостанай)
28 шілде. Шымкент. Қ. Мұңайтпасов стадионы. 5000 көрермен.

«Қайрат» (Алматы) – «Ертіс» (Павлодар)


«Қайрат» алғашқы минуттардан-ақ алтылыққа ену үшін қалайда болмасын жеңістің ауадай қажет екенін сезініп шықты. Жақында ғана Еуропа лигасындағы соңғы кездесуден кейін Талғат Байсуфинов баптайтын «Ертіс» командасы шаршаңқы көрінді. Мұндай сәттерді мүлт жібермеген алматылық ұжым алғашқы таймды 3:0 есебімен өз пайдасына шешіп шықты. Кислицын, Ли және Жамбыл Кукеев мергендіктерімен көзге түсті. Үзіліс кезінде Талғат Байсуфинов шәкірттеріне ойын тактикасын өзгертуді жөн көрген секілді. Екінші тайм басталысымен «Ертіс» кездесуді қолға алғандай көрінген. Тең дәрежеде өтіп жатқан кездесуде «Қайрат» қорғаушыларының қателігі есепті қысқартуға мүмкіндік алып берді. 63 минутта Сергей Струков баспен қақпа торын тулатса, 82 минутта Любомир Михаликтің өрескел қателігін «Ертіс» ойыншысы сәтті пайдалана білді. Қорытындысында 3:2 есебімен «Қайрат» жеңіске жетті.

«Қайрат» — «Ертіс» 3:2 (3:0)
Голдар: Кислицын 10 (1:0), Ли 26 (2:0), Кукеев 29 (3:0), Струков 63 (3:1), Бегалин 82 (3:2)
Ескертулер: Кнежевич 42, Дафф 65 — Шомко 42
«Қайрат»: Лория, Аддо, Кислицын, Гурман, Михалик, Дафф (Шестаков 69), Еременко, Недашковский (Сахалбаев 60), Кукеев, Кнежевич (Сиссей 79), Ли
Қосалқы құрам: Рихард, Землянухин, Калинин, Кейлер
«Ертіс»: Котляр, Кулибали, Чернышов, Шомков, Чучман, Юрин, Мухутдинов, Говедарица, Аяганов (Бегалин 32), Мурзоев (Струков 53), Бакаев (Суюмбаев 62)
Қосалқы құрам: Джоджо, Чичулин, Шабалин, Аверченко
Төрешілер: Холматов (Қызылорда), Горда (Көкшетау), Е. Попов (Өскемен)
28 шілде. Алматы. Орталық стадион. 9800 көрермен. 

Премьер-лиганың алғашқы айналымының аяқталуына І тур ғана қалды. Алғашқы айналымның соңғы туры 4 тамыз күні "Шахтер" - "Ақжайық", "Жетысу" - "Қайрат", "Атырау" - "Тараз", "Ақтөбе" - "Восток", "Астана" - "Тобыл", "Ертіс" - "Ордабасы" командалары арасында өтеді.

ХХІ тур қорытындысы бойынша турнир кестесі:

 

Автор: Өмірбек Сансызбай

сурет: fanatic.kz, sports.kz

1304 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 29 шілде 2013, 00:05
Пікірлер
+0
29 шілде 2013, 14:13

Пасулько мықты бапкер, осы ойында ол Германияға кетіп қалыпты дейді Vesti.kz.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев