Швейцария Түркияны ұтты

Швейцария Түркияны ұтты

Швейцария өз алаңында Еуро-2020 топтық кезеңінің үшінші турында Түркиямен ойнады.

Матчтың алғашқы минуттарынан бастап-ақ алаң иелерінің басымдығы байқалды. Ойынның небәрі 6 минутында Швейцария құрамасының шабуылшысы Харис Сеферович қарсылас қорғаушылардан айласын асырып тепкен добын Түркия қақпашысы қайтара алмады.

Алғашқы голдан кейін жігерленген швецариялықтар шабуыл қарқынын бәсеңдетпей бірнеше рет қарсылас айып алаңында қауіпті сәттер туғызды.

Нәтижесінде ойынның 26 минутында Джердан Шакири айып алаңының сыртынан алыс тоғыздықты дәл көздеп, керемет гол соқты.

Бірінші таймда түріктер бірнеше рет шабуыл ұйымдастырғанымен бәрі де нәтижесіз аяқталды.

Екінші таймда түріктер ойынды ширақ бастады. 62 минутта жартылай қорғаушы Ирфан Кахведжи қарсылас қақпасын дәл көздеп есепті қысқартты. Бірақ швецвриялықтар арадан 6 минут өткесін түріктердің шабуылға беріліп кетіп, қорғанысты естен шығарғанын пайдаланып қарсы шабуылдады. 68 минутта командаласының керемет пасын Джердан Шакири голға айналдырып дубль авторы атанды.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

"Болжамдар бәйгесіне" қатысу үшін сайтқа тіркеліп, болжам ретінде пікір қалдырсаңыз болғаны. Қатысу мен ережелеріне қатысты сұрақтар осы сілтемеде. Сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі

Т. Раушанұлы