Испания топтағы екінші ойында да тең түсті

Испания топтағы екінші ойында да тең түсті

Футболдан Испания ұлттық құрамасы "Е" тобындағы екінші ойынын да тең аяқтады. "Қызыл фурия" Севильяда Польша құрамасымен ұпай бөлісті.

Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. 25 минутта Альваро Мората испандарды алға шығарды. 54 минутта Роберт Левандовский есепті теңестірді.

58 минутта Испания құрамасының шабуылшысы Жерар Морено пенальтиді сәтті орындай алмады. Ол тепкен доп қақпа бағанынан қайтты.

Польша топтық кезеңдегі алғашқы ұпайын қоржынға салды. Испанияда 2 ұпай бар.

Н. Үсенова