Нидерланд "С" тобында бірінші болып плей-оффқа шықты

Нидерланд "С" тобында бірінші болып плей-оффқа шықты

"С" тобында бірінші болып Нидерланд құрамасы плей-оффқа шықты. Олар Амстердамда өткізген екінші ойынында Австрия құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

Ойындағы алғашқы голды пенальтиден 10 минутта Мемфис Депай соқты. Ал 67 минутта аустриялықтардың қателігін сәтті пайдалана білген Дензел Дюмфрис есепті еселеді.

Ойынның соңына дейін нидерландықтар басымдылықты сақтап қалды, соның арқасында олар "С "тобында алты ұпаймен турнирдің плей-офф кезеңіне өтті.

21 маусымда Солтүстік Македония - Нидерланд, Украина - Австрия ойнайды.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

"Болжамдар бәйгесіне" қатысу үшін сайтқа тіркеліп, болжам ретінде пікір қалдырсаңыз болғаны. Қатысу мен ережелеріне қатысты сұрақтар осы сілтемеде. Сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі

Т. Раушанұлы