«Қайрат» ойыншысы Тимощук Еуропа чемпионатына қатысады

«Қайрат» ойыншысы Тимощук Еуропа чемпионатына қатысады
Фото: vk.com

Алматылық «Қайраттың» украиналық жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук Еуропа чемпионатына қатысатын болды. Ол құраманың жаңартылған соңғы тізіміне енген.

Украина ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Михаил Фоменко Анатолий Тимощукке үлкен сенім артып отыр. Дегенмен футболшының негізгі құрамда алаңға шығуы екіталай. «Қайрат» ойыншысы қосалқы құрамда болса керек-ті.

Украина құрамасы:

Қақпашылар: Андрей Пятов («Шахтер»), Денис Бойко («Бешикташ»), Никита Шевченко («Заря»).

Қорғаушылар: Артем Федецкий («Днепр»), Вячеслав Шевчук, Александр Кучер, Ярослав Ракицкий, Богдан Бутко (төртеуі де – «Шахтер»), Евгений Хачериди («Динамо»).

Жартылай қорғаушылар: Андрей Ярмоленко, Сергей Сидорчук, Денис Гармаш, Сергей Рыбалка (төртеуі де – «Динамо»), Руслан Ротань («Днепр»), Тарас Степаненко, Виктор Коваленко (екеуі де – «Шахтер»), Александр Караваев («Заря»), Анатолий Тимощук («Қайрат»), Евгений Коноплянка («Севилья»), Александр Зинченко («Уфа»).

Шабуылшылар: Роман Зозуля («Днепр»), Филипп Будковский («Заря»), Евгений Селезнев («Шахтер»).

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді. Украина құрамасы топта Германия, Польша және Солтүстік Ирландия құрамаларымен ойнайды.

Қазақстандықтар қартамыс құрлықтың басты додасын «Қазақстан» және «KazSport» арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Ө. Сансызбай