Марко Ройс Еуропа чемпионатына қатыспайтын болды

Марко Ройс Еуропа чемпионатына қатыспайтын болды
Фото: sport-xl.org

Дортмундтық «Боруссияның» жартылай қорғаушысы Марко Ройс Германия ұлттық құрамасы сапында Еуропа чемпионатына қатыспайтын болды. Футболшы жарақатына байланысты құраманың соңғы тізіміне енбей қалған.

Марко Ройс ұлттық құрама сапында аса жолы бола бермейтін ойыншылардың бірі. Ол 2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатына аз уақыт қалғанда да жарақат алып, бармай қалған болатын. Ал сол жолы Германия құрамасы чемпион атанған еді.

Германия ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Йоахим Лев ұлттық құрамаға Марко Ройстан өзге Карим Беллараби, Юлиан Брандт (екеуі де - «Байер») мен Себастьян Родені («Хоффенхайм») шақырмаған.

Германия ұлттық құрамасы:

Қақпашылар: Мануэль Нойер («Бавария»), Бернд Лено («Байер"), Марк-Андре тер Штеген («Барселона»).

Қорғаушылар: Джером Боатенг («Бавария»), Эмре Джан ("Ливерпуль"), Йонас Хектор ("Кельн"), Бенедикт Хеведес ("Шальке"), Матс Хуммельс ("Боруссия" Дортмунд), Шкодран Мустафи ("Валенсия"), Антонио Рюдигер ("Рома").

Жартылай қорғаушылар: Юлиан Дракслер («Вольфсбург»), Йозуа Киммих, Сами Хедира (екеуі де - «Ювентус»), Тони Кроос («Реал»), Месут Озил («Арсенал»)

Шабуылшылар: Лукас Подольски («Галатасарай»), Андре Шюррле («Вольфсбург»), Марио Гетце, Томас Мюллер (екеуі де - «Бавария»), Марио Гомес («Бешикташ»).

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді. Германия құрамасы топта Украина, Польша және Солтүстік Ирландия құрамаларымен ойнайды.

Қазақстандықтар қартамыс құрлықтың басты додасын «Қазақстан» және «KazSport» арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Ө. Сансызбай