Еуро-2016. Германия – фаворит, Албания – аутсайдер

Еуро-2016. Германия – фаворит, Албания – аутсайдер
Фото: gothicrock.ru, massaget.kz

Футболдан Францияда өтетін Еуропа чемпионатының басталуына екі айдан астам уақыт ғана қалды. Қазіргі таңда дүбірлі додаға қатысатын ұлттық құрамалар дайындығын шыңдауда.

Жақында Британияның «Daily Mail» басылымы Еуропа чемпионатына қатысатын құрамалардың жеңіске жету мүмкіндігін саралап шықты. Басылым болжамы бойынша Германия құрамасы басты фаворит саналып отыр. Германиядан кейін Франция мен Испания құрамаларының жеңіске жету мүмкіндігі жоғары бағаланған.

Футбол тарихында алғаш рет 24 құрама қатысқалы отырған Еуропа чемпионатында Албания құрамасы аутсайдер саналып отыр. Сондай-ақ аутсайдерлер қатарына 2008-2010 жылдар аралығында Қазақстан құрамасын жаттықтырған Бернд Шторк командасы (Венгрия құрамасы) да еніп отыр. Ал Криштиану Роналду бақ сынайтын Португалия құрамасының жеңіске жету  мүмкіндігі аса жоғары емес.

Еуропа чемпионатына қатысатын құрамалардың жеңіске жету мүмкіндіктері бойынша тізімі:

1. Германия 
2. Франция 
3. Испания 
4. Италия 
5. Бельгия 
6. Хорватия 
7. Англия 
8. Португалия 
9. Австрия 
10. Швейцария 
11. Польша 
12. Швеция 
13. Уэльс 
14. Чехия 
15. Исландия 
16. Ресей 
17. Украина 
18. Түркия 
19. Словакия 
20. Ирландия 
21. Солтүстік Ирландия 
22. Румыния 
23. Венгрия 
24. Албания

Айта кетейік, 2016 жылғы Еуропа чемпионаты 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді. Француздардың 10 қаласында өтетін додаға алғаш рет 24 құрама қатысатын болады.  

Ө. Сансызбай