Германия – төрт дүркін Әлем Чемпионы!

Германия – төрт дүркін Әлем Чемпионы!

Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында Германия мен Аргентина құрамалары арасындағы финалдық ойын 1:0 есебімен аяқталды.

Алғашқы 45 минуттық екі құраманың тең таласымен өрбіген болатын. Кездесу бірінші минуттардан тартысты басталған тұғын.

Гонсало Игуаин 30-минутта гол соққан еді, бірақ италиялық "Наполидің" шабуылшысы бұл сәтте ойыннан тыс қалған. Немістер ойын тізгінін өз қолдарына ұстағанмен, Аргентина қақпасына қауіпті сәтті ұйымдастыра алмады.

Каталондық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси екі бірдей моментті пайдалана алмады.

Екінші таймда немістер мен аргентиналықтар жеңімпазды анықтай алмады. Қосымша уақытта Марио Гетце Германия құрамасының жеңіс голын соқты.

Германия 1954, 1974, 1990 жылдары чемпион атаныпты. Аргентиналықтар 1978 пен 1986 жылдары бұл атаққа лайықталған екен.

ӘЧ-2014, финал

Германия – Аргентина – 1:0 (0:0, 0:0, 1:0)

Гол: Гетце, 113.

Германия: Нойер, Лам, Хуммельс, Боатенг, Хеведес, Мюллер, Швайнштайгер, Кроос, Крамер (Шюррле, 31), Озил (Мертесакер, 120), Клозе (Гетце, 88).

Аргентина: Ромеро, Сабалета, Гарай, Демикелис, Рохо, Перес (Гаго, 86), Маскерано, Билья, Месси, Лавесси (Агуэро, 46), Игуаин (Паласио, 78).

Ескертулер: Швайнштайгер, 29. Хеведес, 34. Маскерано, 64. Агуэро, 65.

Төреші: РИЦЦОЛИ, Фаверани, Стефани (Италия).

13 шілде. Рио-де-Жанейро. "Маракана" стадионы.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: itar-tass.com

Ө. Сансызбай