Еуропа Лигасы. Жартылай финал жеребесі тартылды
Футболдан кәрі құрлықтың екінші деңгейлі додасы саналатын Еуропа Лигасының жартылай финалдық жеребесі тартылды.
Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту барысында, төмендегі командалар қарсыластарын анықтады:
Фенербахче – Бенфика
Базель – Челси
Алғашқы ойындар көкек айының 25-жұлдызында ойналса, қарымта жауапты ойындар мамырдың 2-сі күні өтетін болады. Айта кетейік, қарсыласты бірінші анықтаған командалар бірінші ойынды өз алаңдарында өткізбек.
Еуропа Лигасының 2012/13 жылғы финалдық ойыны "Қызғалдақтар елінің" "Амстердам Арена" стадионында өтетін болады.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: videomatches.ru
Ю. НИКУЛЛИН