Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Феррари мықты ма, порше ме?

Феррари мықты ма, порше ме?

Феррари мықты ма, порше ме?

"Реал" командасының көшбасшы ойыншысы Криштиану Роналду сэр Алекс Фергюсон мен Жозе Моуриньоны көлікпен салыстырып қана құтылды.

Роналду өзінің мансап жолында екі бапкердің де қолында болып көрді. "Манчестер Юнайтед" командасында жүріп Фергюсоның тәлім-тәрбиесіне алты жыл қанықса, бүгінгі таңда "Реал" сапында португал маманының қол астында шынығып-шыңдалып келеді.

"Кімнің мықты екенін дәл айта алмаймын. Бұл дегенің, Ferrari мен Porsche-ні салыстырғанмен бірдей ғой. Екеуі де мықты, тәжірибелі және екеуі де үнемі қай жерде болмасын жеңгенді жақсы көреді. Сондықтан да аталған бапкерлер қаншама рет чемпион атанды" - дейді Роналду.

Криштианудың бұрынғы және қазіргі командасы Чемпиондар Лигасының  1/8 финалында кездесейін деп отыр. 2009 жылдан бері "МЮ"-ден кеткелі Роналду тұңғыш рет бұрынғы әріптестерімен жүздеспек.

"Манчестер" - бұл менің үйім және менің жүрегімнен мәңгілік ойып тұрып орын алады. Мен оны қатты жақсы көремін. Өзіңізге де адамдар жақсы қараса, сіз оларды мәңгілік ұмытпайсыз ғой. Мен өмір бойына аталған клубта жұмыс істейтін адамдарды, сонымен қатар жанкүйерлерді жадымнан шығармаймын. ...Әрине, маған сөзсіз назар аударатындары анық. Бірақ, еш қысым жоқ. Бұрынғы командама қарсы өтетін жай ғана ойын. Мен шайқас үшін бармаймын, керісінше, үйіме барамын. Міне, сол себептен де кездесуді асыға күтудемін",- деген екен Football Espana-ғана берген сұхбатында. 

"Есімде, жеребе тастау күні мен ешқандай жаттығу жасаған жоқ едім. Сол уақытта бізге «Манчестер Юнайтед» командасының түсетінін сезгенмін. Бәрі белгілі болған соң... Балаша мәз болдым. Сөзсіз, ойын ауыр болмақ. "Реал" мен "МЮ" - әлемнің ең үлкен екі клубтары. Мүмкіндік - елу де елу", - дейді.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

1004 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 05 ақпан 2013, 17:58
Пікірлер
+0
05 ақпан 2013, 21:11

мммм маладес осы ойыншыны жаксы корем ше

+0
06 ақпан 2013, 07:26

Дұрыс айтыпты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...