Манчини Чемпиондар лигасында МЮ-ді қолдап отыр

Манчини Чемпиондар лигасында МЮ-ді қолдап отыр

«Манчестер Сити» клубының бас бапкері Роберто Манчини ақ-қызыл жалау ұстап, Чемпиондар лигасында өнер көрсететін «Манчестер Юнайтедтің» жанкүйері болатынын мәлімдеді.

Өткен аптада Манчини «Манчестер Юнайтедтің» Чемпиондар лигасында көп күш жұмсауы команданың шаршауына әкеліп, Премьер-Лигадағы чемпиондық жарысқа тікелей әсерін тигізуі мүмкіндігін айтқан еді.

Сондықтан Роберто Фергюсон шәкірттерінің Чемпиондар лигасында мадридтік «Реалға» қарсы ойнап қана қоймай, жарыста одан да ұзақ уақытқа қалғанын қалайды.

«Егер олар «Мадридтіктерді» жеңсе, ең құрығанда тағы екі кездесу өткізеді. Мен сол кезде қолыма ақ-қызыл жалау ұстап, «Юнайтедтің» жанкүйері боламын», - дейді итальяндық бапкер.

«Реалды» жеңу оларға қиынға түседі, себебі «Реал» әлемдегі ең мықты командалардың бірі. «Реал» мен «Барселона» - ең мықты командалар. Аталған командалардың сапында таңдаулы ойыншылар өнер көрсетеді әрі клубтар тарихы да айтарлықтай. «Юнайтедтің» 1/8 финалында жеңіске жетуі өте қиын», - дейді ол Манчини Goal-ға берген сұхбатында.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: www.soccertransfers.net

Ж. FM