Гиннесс кітабына енген ерекше рекордтар

Гиннесс кітабына енген ерекше рекордтар
Фото: zolotoy

Гиннестің рекордтар кіта­бы алғаш рет 1955 жылы ирландиялық сыра қай­на­тушы "Гин­несс" компаниясының басшысы Хью Бивердің тапсырысы бойынша жарық көрді. Содан бері бұл кітап дүние жүзі бойын­ша 100 мемлекетте 23 тілде дүркін-дүркін басылып келеді. Бүгін назарыңызға Гиннесс рекордтар кітабына енген ерекше рекордтарды ұсынамыз.

Ең бай мысық

1988 жылы антиквариат сатушысы Бен Ри өзінің мысығы Блэкиге 25 миллион долларды өсиет етті. Себебі, Бен мысықтарды жақсы көрген. Көзі тірісінде 15 мысы болған. Бірақ ол байлығын соңғы күндерін Блэкимен өткізгені үшін дәл осы мысығына қалдырған. Ри өзінің байлығының көп бөлігін үш қайырымдылық ұйымына бөліп, сүйікті жануарына күтім жасау туралы өсиет қалдырған. Осылайша Блэки "Ең бай мұрагер мысық" ретінде "Гиннестің рекордтар кітабына" енді.

Тіс пастасы қорабының ең үлкен жинағы

Тіс пастасы қорабының ең үлкен жинағы АҚШ-тың Альфаретта қаласында тұратын Вел Колпаковқа тиесілі. Бұл рекорд 2012 жылдың 15 маусымында тіркелді. Коллекция дүние жүзінен жиналған 2037 түрлі тіс пастасы қорабынан тұрады.

Сыра бөтелкелерін тікұшақпен ашу

3 минутта тікұшақ қанатының көмегімен ашылған сыра бөтелкелерінің жалпы саны 6-ға жетті. Рекордты Қытайдың Вэнчэн қаласында 2015 жылы 10 желтоқсанда Чжао Ян SSTV арнасында Гиннестің рекордтар кітабына арнайы түсірілімі кезінде орнатқан.

Баспалдақпен жоғарыға баспен көтерілу бойынша жеке рекорд

Баспалдақтың жоғарыға баспен  көтерілудің максималды саны - 36. Бұл рекордты 2015 жылы қытайлық Ли Лонглунг орнатқан болатын.

Электрлі бұрғыға асылып айналу бойынша рекорд

Сюй Цзян электрлі бұрғыға асылып 148 рет айналған. Рекорд 2008 жылы 23 желтоқсанда Испанияның Мадрид қаласында "Гиннестің рекордтар кітабы" телебағдарламасы кезінде орнатылды.

Виртуальды жерлеуге жиналған ең көп адам

2005 жылдың қазан айында Сноули лақап атымен танымал қытайлық геймер қыз "World of Warcraft" онлайн ойынын үш күн үзіліссіз ойнап нәтижесінде қайтыс болды. 100-ден астам ойыншы онымен қоштасуға виртуалды жерлеу рәсімі өтетін ойын ішіндегі шіркеуге келген.

Т. Раушанұлы