Қысқы Олимпиадаға алғаш қатысатын ел

Қысқы Олимпиадаға алғаш қатысатын ел
Фото: sportshost.club

Сауд Арабиясының спортшылары алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарына қатысады. 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтетін жарысқа екі спортшысы жолдама алды.

Кез келген елдің климаты оның спортына да әсерін тигізеді. Сол секілді Сауд Арабиясы да қысы жылы елдердің қатарына жатады. Қар сирек жауады, қысқы спорт түрлерімен шұғылдану қиын. Спортшылары көбіне өзге елде оқып-жаттығады. Ал биыл бұл ел өз тарихында алғаш рет қысқы Олимпиадаға спортшы қатыстырады.

Тау шаңғышылары Салман әл-Хувайш пен Файек Абди Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ресми түрде жолдама алды. Олар ел тарихындағы және Парсы шығанағындағы аймақтан баратын алғашқы спортшылар, - деп жазды ресми хабарламада.

Бұдан өзге Эр-Рияд спортшыларымен бірге Қытай жеріне арнайы делегациясын жібереді.

Н. Үсенова