Әлемде талай қызық бар

Әлемде талай қызық бар

Мексикада абақтыдан қашу қылмысқа саналмайды, себебі, жергілікті үкімет әрбір жанның еркін болуына және өз орнын табуына заң тұрғысынан ерік-тілек білдіреді екен...

reportint20130911131541907

Дәл қазіргі уақытта Эфиопия төрінде 2006 жыл, өйткені, эфиопиялық күнтізбеде бір жылда 13 ай бар.

72795752_1301440275_1

Нидерландтықтар керісу кезінде адамды балағаттап, жаға жыртысып жатпайды. Оның орнына бір-біріне жаман ауру тілей салады (рак, туберкулез, т.б.). 

harper-lee

1960 жылдары басылып шыққан "Қылжақбасты өлтіру" романы үшін Харпер Ли әлі күнге күніне 9000 АҚШ долларын алып тұруда...

mailchildren

1913 жылдары Америкада балаларды почта арқылы салып жіберу әдетке айналған. Жіберуші "тірі сәлемдеменің" киіміне мөрін басып, арада біршама уақыттан соң онысы пойыз арқылы жетіп тұрған. 

OZGaTSF

Кішкене піл балалары тұмсықтарының көмегімен су ішуге бірден үйренісіп кете алмайды. Бастапқыда олар шөлін басуға басы-мұрнымен кіреді...

130916110853-large

Адам саусақтары 13 нанометрге дейін көзге көрінгісіз майда дүниелерді сезінуі мүмкін. Бұл дегеніміз, егер саусақ Жердің мөлшерімен бірдей болғанда, онда үй мен көлік мөлшеріндегі заттарды сезіне алар едік деген сөз. 

640px-BMW_M5_F10

BMW M5 моторының тыныш қосылып, үні шықпайтыны соншалықты, компания басшылығы жұмыс жасап тұрған қозғалтқыштан бір хабар беру үшін алғашқы уақытта жасанды дауыстарды қарастырып көрген.

my-man-godfrey-alice-brady

1937 жылы актриса Элис Брейди “Оскар” сыйлығын алады, алайда салтанатты табыстау кешіне өзі қатыса алмайтын болады.

Сахнаға басқа бір жан көтеріліп, "актрисаның атынан" мүсіншені алған. Ол уақытта оған ешкім де таңғалып жатпапты. Әлгі жан да, алтын мүсіншені де сосын ешкім көрмеген.

113646

Біздің Жеріміз үлкен болғандықтан, әрбір еріктінің жоғарыдан төмен құлауы 32 сағатқа созылар еді... 

6361

Адам мен банан ДНҚ-сы 50 пайызға ұқсас.  

Unmotivated-To-Wake-Up

Түні бойы ұйықтау әдеті бұдан 200 жыл бұрын пайда болған. Оған дейін тәулігіне екі рет ұйықтап тұру салтқа айналып, ғұрыпқа саналып келген.

Соңғы зерттеулерде соңғы уақытта адамдардың тәулігіне екі рет ұйықтап тұруға қайта көше бастағаны айтылады.

Оңтүстік Кореяның мейрамханаларында сашими асын кальмардың тірі қалған қармауыштарымен алдыруға болады. 

480px-Polaris_system

“Поляр жұлдызы” – орбита бойымен бір-бірін айналатын жұлдыздар шоғыры. 

"Өкіл әкенің" түсірілім кезінде Джон Марли өз жылқысының басын көріп, ащы айқайға салуға тиіс болады.

Бір қызығы, түсірілім күні актерге еш ескертпестен, бұрынырақта қойылып келген қызыл бояу заттың орнына нағыз жылқының қанды басын қояды. Содан болса керек, актер әлгі басты көргенде, киноға түсіп жатқанын ұмытып кетсе керек... Өз кезегінде, сол бір эпизод жанды шығыпты. 

Дайындаған. Әкежан Дәкен

сурет: wallpaper-pictures.ru; gallery.site.hu

Л. Лига