Ең қымбат футболшылар рейтингі жарияланды

Ең қымбат футболшылар рейтингі жарияланды
Фото: © REUTERS, EPA, BSR Agency

Месси де, Роналду да әлемдегі ең қымбат футболшы емес. Қазіргі таңда жас талантты ойыншылардың трансферлік құны шарықтап тұр. Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) түзген жаңа рейтингке көз жүгіртелік.

Жоғарыда айта кеткен Месси мен Роналду әлемді мойындатқан футболшылар. Әлі күнге дейін тамаша ойнап жүргенмен, екеуінің де жасы ұлғайып келеді. Бұл – ойыншылардың трансферлік құнына әсер ететін басты фактор.


AFP

СІES рейтингінде Мессидің трансфері 54 миллионға бағаланған. 6 айдан кейін "Барселонамен" келісімшарты аяқталатын ойыншы рейтингте 97-орында тұр. Ал 35 жастағы Роналду трансферлік құны 47 миллион еуромен 131-ші орынға жайғасқан.

Сонымен дәл қазір ең қымбат ойыншы кім?


readfootball.com

Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) түзген айрықша сипаттағы рейтингте ең қымбат футболшы – Маркус Рэшфорд. "Манчестер Юнайтед" командасы ойыншысының трансферлік құны 165,6 миллион еуроға бағаланып отыр.


"Боруссия Д" ФК

Екінші орында – Эрлинг Холанд. Дортмундтың "Боруссия" клубында ойнайтын шабуылшыны сатып алу үшін 152 миллион еуро шығындану керек.


"Ливерпуль" ФК

Үздік үштікті "Ливерпуль" командасының қорғаушысы Трент Александер-Арнольд түйіндеген. Оның трансферлік құны 151,6 миллион еуро деп көрсетілген.

Осыған дейін СІES рейтингінде көш бастап келген Килиан Мбаппе 5-ші орынға сырғыған. Қазір оның бағасы 149,4 миллион еуроны құрап отыр.

Ең қымбат ойыншылар ондығы:

1. Маркус Рэшфорд ("Манчестер Юнайтед") — € 165,6 млн

2. Эрлинг Холанд ("Боруссия" Дортмунд) — € 152 млн

3. Трент Александер-Арнольд ("Ливерпуль") — € 151,6 млн

4. Бруну Фернандеш ("Манчестер Юнайтед") — € 151,1 млн

5. Килиан Мбаппе ("Пари Сен-Жермен") — € 149,4 млн

6. Джейдон Санчо ("Боруссия" Дортмунд) — € 148,3

7. Жоау Фелиш ("Атлетико") — € 141,5 млн

8. Альфонсо Дэвис ("Бавария") — € 139,2 млн

9. Рахим Стерлинг ("Манчестер Сити") — € 136,9 млн

10. Кай Хаверц ("Челси") — € 136 млн.

Толық тізімді осы сілтемені басып көре аласыздар.

Н. Үсенова