"Барселона" медициналық маска сатады

"Барселона" медициналық маска сатады
Фото: fcbarcelona.com

Каталонияның "Барселона" футбол клубы көп рет қолдануға болатын медициналық маска сатуды бастады. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.

Маска 40 рет жуғанша сапасын жоғалтпайды. Қорғаныш қабаты да бұзылмайды. Маскалар клуб түсіне қарай 3 түрлі дизайнмен шығады. Ересектермен қатар балаларға арналған түрі де бар. Бағасы 18 еуро тұрады.

Клуб алдағы уақытта арзан түрін шығаруды да көздеуде екен. Бірақ ол маскалар көп рет қолдануға жарамсыз болуы мүмкін.

Қазіргі таңда Испанияда коронавирус жұқтырғандар саны 280 мыңнан асады. 28 752 адам көз жұмған.

Коронавирус пандемиясына байланысты елде футболдан ішкі чемпионат тоқтатылған. 11 маусым күні қайта жалғасады деп күтілуде.

Н. Үсенова