ФИФА үздік жартылай қорғаушылардың тізімін жариялады

ФИФА үздік жартылай қорғаушылардың тізімін жариялады

ФИФА және FIFPro жыл құрамына енетін жартылай қорғаушылардың есімдерін жариялады. Тізімдегі футболшылардың басым көпшілігін «Қызыл фурия», яғни Испания құрамасының өкілдері құрайды. Бұл туралы ФИФА-ның ресми сайты хабарлайды.

Тізімге бас-аяғы он бес үздік жартылай қорғаушының есімі тізілген. Жыл құрамына енетін төрт үздік жартылай қорғаушыны 50 мыңнан астам Әуесқой футбол қауымдастығына кіретін (FIFPro) футболшылар дауыс беру арқылы анықтайтын болады. Ал қорытынды 7 қаңтар күні Цюрихте «Алтын доп» иегерін марапаттау рәсімінде жарияланбақ.

Жыл құрамына енетін үздік жартылай қорғаушылардың толық тізімі: Хаби Алонсо (Испания, «Реал»), Серхио Бускетс (Испания, «Барселона»), Сеск Фабрегас (Испания, «Барселона»), Стивен Джеррард (Англия, «Ливерпуль»), Эден Азар(Бельгия, «Челси»), Андрес Иньеста (Испания, «Барселона»), Фрэнк Лэмпард (Англия, «Челси»), Лука Модрич (Хорватия, «Реал»), Месут Өзіл (Германия, «Реал»), Андреа Пирло (Италия, «Ювентус»), Франк Рибери (Франция, «Бавария»), Давид Силва (Испания, «Манчестер Сити»), Бастиан Швайнштайгер (Германия, «Бавария»), Яя Туре (Кот-д'Ивуар, «Манчестер Сити»), Хави (Испания, «Барселона»).

Естеріңізде болса, ертеректе ФИФА мен FIFPro үздік қақпашылар мен үздік қорғаушылардың тізімін жариялаған болатын. Енді үздік шабуылшы атағына үміткер 15 шабуылшының тізімін 29 қараша күні жариялайтын болады.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

М. Оңғарова