Алматы "үздік төрттік" финалын қабылдауы мүмкін

Алматы "үздік төрттік" финалын қабылдауы мүмкін

Алматы қаласы 2013 жылы УЕФА Кубогы аясында өтетін "үздік төрттік" финалын қабылдауы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Естеріңізге салсақ, футзалдан алматылық "Қайрат" клубы үздіктер арасындағы жарыстың топтық сынында жеңіске жетіп, финалдық кезеңге шыққан еді.

Финалға алматылық ұжымнан бөлек, "Барселона" (Испания), "Динамо" (Ресей) және "Иберии Стар" (Грузия) клубтары қатысады. Дәстүр бойынша, төртеу арасындағы финалдық ойындар қатысушы командалар елінің бірінде өтуі керек. Осыған дейін финалдық жарысты қабылдаған Алматы қаласы осы жолы да жарыс иесі атануы мүмкін.   

Нақты шешім жақын күндері Женевада өтетін кездесу кезінде қабылданады. Қазақстан атынан Швейцарияға ҚФФ-ның атқарушы директоры Олжас Абраев аттанбақ. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: torrentino.com

Б. Қосмағамбет