Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу қажет

Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу қажет

Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу қажет

Тұңғыш "Қазақстан Барысы", жарыстың күміс және қола жүлдегері, қазір Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының бас хатшы кеңесшісі қызметін атқарып отырған Ұлан Рысқұл қазақ күресі спорт мектеп бағдарламасына енгізу туралы бастаманы көтерді.

"Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу қажет, көптеген мектепаралық сайыстар, клубтарда чемпионаттар ұйымдастырған жөн. Бұл ұлттық спортымыздың дамуына ықпал етеді. Өйткені, қазақ күресі ұлтымыздың абыройы, халқымыздың қазынасы, біздің мақтан тұтар байлығымыз. Демек, біздің алдымыздағы мақсат – оны жоғалтып алмай, керісінше одан әрі дамыту. Бұл ретте, қазақ күресін дамытуды "Рухани жаңғыру" бағдарламасына қосса игі" - дейді Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының бас хатшы кеңесшісі Ұлан Рысқұл.

Айта кету керек, жуырда ғана Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтті. Чемпионаттың басты ұйымдастырушысы Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы болса, оған Тенгизшевройл компаниясы қолдау көрсеткен болатын.

Чемпионат қорытындысы бойыша жалпы есепте Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді. Бірінші орын 16 медальмен Моңғолия құрамасында.

Жалпы, Халықаралық қазақ күресі федерациясы – ұлттық спорт түрін әлемдік деңгейде дамытып, халықаралық серіктестер мен спортшылардың басын біріктіріп жүрген бірлестік. Халықаралық Федерацияның құрылғанына аз болса да, осы уақыт аралығында ауқымды шаралар мен нәтижелі жұмыстар атқарылды. Оның үстіне, әлем бойынша да ұлттық спортымызға қызығушылық танытқандар саны күн санап артуда.

Үстіміздегі жылы қазақ күресінен халықаралық федерацияның құрылғанына 2 жыл толды. Осы күні федерация әлем бойынша өз одақтастарын жинай алатын, шетелде ұлттық күрестен беделді турнирлерді өткізетін жалғыз спорт федерациясы атанған. Федерация құрамына 29 шет ел және екі халықаралық спорт ұйымдары кірді. Жақын арада тағы 10 шетелдік мемлекет қосылады деген сенім бар.

Еуропа және Әлем чемпионаттарын сәтті ұйымдастырғаннан кейін, Халықаралық федерация жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына қазақ күресін қосуға ынталы.

 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Қосылған күні: 23 тамыз, 12:18

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.