91 жылға спорттан шеттетілген

91 жылға спорттан шеттетілген

Ереже бұзған спортшыларға қарсы әр түрлі жаза қолданылатынын, кейде бірнеше жылға шеттетілетінін көріп те, естіп те жүрміз. Бірақ ғасырға жуық уақытқа спортпен айналысу құқығынан айыру туралы ойлап көрдіңіз бе?

Францияда Әли Бедредин есімді футболшы болған. Негізінен футзал мен жәні кіші футбол ойнайтын. Кәсіпқой деңгейде "Шан-сюр-Мар" командасының сапында футзалдан Франция чемпионатында өнер көрсеткен. Тіпті, Франция ұлттық құрамасына шақырту алып, 2008 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан. 

2009 жылы "Шан-сюр-Мар" сапында жүргенде кіші футболдан әуесқой командаға ойнауды шешеді. Алайда ұзақ уақыт өтпестен Франция футбол федерациясы (FFF) оған екі команданың біреуінен кету керегін ескертіп, хат жолдайды. Ал ертесіне спортшыны жазаланғаны туралы хат жіберген. Әли Бедредин екі бірдей командада ойнағаны үшін 91 жылға шеттетіп, спортпен кәсіпқой түрде айналысуға тыйым салады. Әли Бедредин болса Францияның футбол федерациясы тым қатал жаза қолданғанын айтып, өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге тырысты.

- Мұндайды бұрын көз көріп, құлақ естімеген. Хаджи төрешінің жағасынан алғанда оны жарты жылға ғана спорттан шеттетті, артынан жазаны жеңілдетіп, алты ойынға дейін шегерді... Мен ешкімге жаман ештеңе істеген жоқпын. Франция құрамасының сапында ойнаймын — мені 91 жылға жазалады, - деп күйінішін білдірген болатын Әли. Алайда Францияның бас футбол органы алған бетінен қайтпай, шешімінің күш жоймады.

Неге мұндай қатал жаза қолданды дейсіз ғой? Себебі мынада. Францияда бір-бірімен бәсекелесіп келе жатқан екі ұйым бар. Біріншісі футбол федерациясы болса (FFF), екіншісі футзал клубтарының Ұлттық қауымдастығы (UNCF). Тіпті, бәсекелестер деп атаған аз болар, олар бір-бірін жау көреді деседі. Корсика футбол лигасы футзал комиссиясының бұрынғы президенті Жан-Шарль Доттель аралдың барлық кіші футбол клубтарын футбол федерациясы ның қол астынан алып, футзал клубтарының Ұлттық қауымдастығына өткізіп жіберген. Осыдан басталған дау екі ұйымның арасындағы бәсекелестікке ұласқан. 

Федеральді кодекстің Бас регламентіне сәйкес кез келген ойыншы "федерацияға қатысы жоқ немесе мойындалмаған қауымдастыққа кіретін клубта ойнауға құқығы жоқ". Ереже бұзған сәтте жазаланатыны анық. Әли Бедредин болса мұндай ереженің жоқ екенін, оған қоса екі команданың біреуі әуесқой екенін дәлелдуге тырысқан. Алайда нәтиже шықпады.

- Егер олар мені футболдан аулақ ұстағысы келсе бетіме қарап айтсым. Анығы мен кәсіпқой футболшы емес. Тек бір-екі жыл доп теуіп, оқуға түскім келген, - деп ренішін білдірді Әли. 

Әлидің Франциядан бөлек Алжир азаматтығы бар болғаннан кейін 2010 жылы Алжир құрамасына шақырту алып, біраз жыл аладоптың жанында жүрді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді