Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Танымал жаттықтырушы ағылшын тілін қалай үйренді? Клопптан кеңес

Танымал жаттықтырушы ағылшын тілін қалай үйренді? Клопптан кеңес

Танымал жаттықтырушы ағылшын тілін қалай үйренді? Клопптан кеңес

Футболсүйер қауым "Ливерпуль" командасының бас жаттықтырушысы Юрген Клоппты жақсы таныса керек. Неміс маманы 2015 жылдан бері ағылшындық клубтың тізгінін ұстап келеді. Осы аралықта ағылшын тілін айтарлықтай меңгеріп үлгерді.

Жуырда ВВС арнасына берген сұхбатында жаңа тілді қалай меңгергенін ашық айтты. Алғаш келгенде ағылшын тілін білмегендіктен кедергілер көп болған. Кейіннен ақырындап үйрене бастапты.

- Мен ағылшын тілін қалай үйрендім? Friends сериалын қарадым. Өзге тілді үйренгенде бірнеше кезеңнен өтесің. Өзге ұлт екенімді білетін таныстар менімен баяу, байыппен сөйлесетін. Бір уақытта олар мені ұмытып, жылдам сөйлей бастайды. Басында түсінбей қалып жатасың, ақырындап меңгере бастайсың. Сондықтан мен радионы көп тыңдаймын.

Одан кейін мен фильм қарай бастадым. Бұл – екінші кезең еді. Онда әртүрлі диалектілер, сленг сөздер мен жаңа сөздерді көп тыңдайсың. Не айтқанын білуге ұмтыласың. Немістер үшін ағылшын тілін үйренудің оңай жолы - Friends сериалын қарау. Онда диалогтардың барлығы түсінікті әрі барлық адам тез ұға алады, - дейді танымал жаттықтырушы.

Жаттықтырушы өткен маусымда ағылшындық клубпен Чемпиондар лигасы жеңімпазы атанды. 

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: news.sportbox.ru
Қосылған күні: 10 тамыз, 15:14

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.