Юрген Клопп – Еуропадағы ең мінезді білгір

Юрген Клопп – Еуропадағы ең мінезді білгір

Дортмундық «Боруссияның» бас бапкері Юрген Клопп өзінің қызықты һәм эмоциональды айтқыштығымен, өзгеше пікір мен елден ерек қылығымен аты шығып жүрген жан. Неміс білгірі туралы арнаулы қызықтарды ұсынсақ дейміз. 

"Бірде маусым алдындағы дайындық кезінде мен "Майнцтың" ойыншыларын Швециядағы өзен-көлге ертіп бардым. Біздер ол жаққа азық-түлік қорынсыз бес күн жүріп отырдық. Біздер асты өзіміз қамдауымыз тиіс болатын. Мен жігіттерге өздерінің қолынан бәрі келетінін көрсеткім келді. Менің көмекшім мені жарым деп ойлады", - дейді Клопп (немістің «Майнц» клубын жаттықтырып жүрген сәтінен естелік келтіре кеткен). 

"Өз басымда өзім алуым керек нәрседен де көп нәрсе бар: отбасы, ақша, футбол. Бірде-бір ұстазым, не ата-анам менің осындай болатынымды біліп, болжаған емес. Менің өмірім толыққанды бір бүтін болғандықтан, ара-тұра болмашы бір нәрселерге ренжіп қалуыма тура келеді", - дейді Клопп (Марио Гетценің "Бавария" сапына ауысқанын тілге тиек ете отырып айтқан сәтінен).

Кейде неміс маманы өз аяқ киімін жоғалтып тұрады.  

Клопптың дәстүрлі гол тойлау сәті. 

"Мен жарыммын. Бұл тұста екі көзқарастың болуы мүмкін емес. Және мен өз қылығым үшін кешірім сұрауым керек". 

"Кейде өзімді теледидардан көргенде, қорқа бастаймын". 

Марсель Шмельцерді айықтырған шапалақ.

Клопп қалжыңдауды да жақсы көреді.

"Мен Моуриньоның біздің "Гройтер Фюртпен" өткізген ойынымызды неге тамашалағанын білмеймін. Екі аптадан соң, бұл оған көмектеспейді. Барлығы басқаша болады. Ал Гетценің сол жақта ойнай алатынын білгісі келсе, жай ғана маған хабарласса жетіп жатыр еді ғой".

Клопптың күлкісі.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: sport.news.am

Л. Лига