Месси соққан голдар саны бойынша Роналдуды басып озды

Месси соққан голдар саны бойынша Роналдуды басып озды
Фото: Daily Mail

"Барселона" футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси клубтық деңгейде соққан голдар саны бойынша португалдық футболшы Криштиану Роналдуды басып озды.

Аргентиналық футболшы Испания чемпионатының соңғы турында "Эйбарға" қарсы өткен ойында екі гол соғып, дубль жасады. Нәтижесінде 602 голмен бір доп айырмасы бойынша португалдық сұрмергеннің алдына шықты.

Месси 602 голды 686 ойында соққан. Роналду болса 804 ойында 601 гол соққан.

Португалдық футболшы осы маусымда 43 ойынға қатысып, 28 рет гол соққанын тойлады. "Барселона" көшбасшысы болса 49 ойында 50 гол соққан. "Ювентус" та, "Барселона" да өз елінде чемпион атанды.

Екі ойыншы да бір ойыннан кейін маусымды аяқтайды. "Барселона" Испания кубогы финалында "Валенсиямен" ойнаса, "Ювентус" Италия чемпионатының соңғы турында "Сампдориямен" кездеседі.

Ө. Сансызбай