Ең көп жалақы алатын футболшы қыз

Ең көп жалақы алатын футболшы қыз
Фото: Gleb Garanich / Reuters

Норвегия ұлттық құрамасы мен Францияның "Лион" клубында ойнайтын Ада Хегерберг әлемде ең көп жалақы алатын футболшы қыз. Бірақ оның табысын ерлердің жалақысымен салыстыруға келмейді.

France Football басылымы хабарлағандай, Ада Хегербергтің алатын қаржысы Мессидің жылдық табысынан 325 есе кем екен. Ал аргентиналық футболшы әлемде ең көп еңбекақы алатын футболшы.

Футбол тарихында алғаш рет әйелдер арасында "Алтын допты" алған Ада Хегербергтің жылдық табысы 400 мың еуроны құрайды. Месси болса 130 миллион еуро алады.

Қыздар арасында жылдық табысы ең жоғары футболшылар арасында Аданың командаластары Аманда Хенри (360 мың еуро) мен Венди Ренар (348 мың еуро) да бар. Сондай-ақ алғашқы бестікке Карли Ллойд ("Скай Блу", 345 мың еуро) пен Марта ("Орландо", 340 мың еуро) енген.

Айта кетейік, 2018 жылы Ада Хегерберг "Лион" командасымен Чемпиондар лигасын ұтты. Франция чемпионы атанды.

О. Сансызбай