Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Мбаппе, Салах, Азар: 2018 жылы қымбаттаған 10 ойыншы

Мбаппе, Салах, Азар: 2018 жылы қымбаттаған 10 ойыншы

Мбаппе, Салах, Азар: 2018 жылы қымбаттаған 10 ойыншы

Ресейдегі футболдан өткен әлем чемпионаты кезінде бірқатар футболшылардың бағы жанды. Назарларыңызға 2018 жылы бағасы жоғарылаған 10 футболшыны ұсынамыз.

1. Килиан Мбаппе

Клубы: «ПСЖ»
Жасы: 20
Жыл басындағы трансфер бағасы: 90 миллион еуро
Жыл соңындағы трансфер бағасы: 200 миллион еуро
Өсу: 110 миллион еуро (122,2 пайыз). 

Бұл футболшы «ПСЖ» клубымен бірге 3 кубоктың иегері атанды. Франция ұлттық құрамасымен бірге әлем чемпионы атанды. Финалда екі доп соқты. Жыл соңында 21 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы ең үздігі атанып, «Kopa Trophy» сыйлығын жеңіп алды.

2. Мохаммед Салах

Клубы: «Ливерпуль»
Жасы: 26
Жыл басындағы трансфер бағасы: 40 миллион еуро
Жыл соңындағы трансфер бағасы: 150 миллион еуро
Өсу: 110 миллион еуро (275 пайыз). 

Мысырлық футболшы әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсеткенімен, былтырғы маусымда «Ливерпуль» құрамында жақсы өнер көрсетті. Командамен бірге Чемпиондар Лигасының финалында ойнады.

3. Эден Азар

Клубы: «Челси»
Жасы: 27
Жыл басындағы трансфер бағасы: 75 миллион еуро
Жыл соңындағы трансфер бағасы: 150 миллион еуро
Өсу: 75 миллион еуро (100 пайыз). 

Зиданның Роналду мен Мессиден артық қойған ойыншысы кім?

Азар көп жылдардан бері жоғары спорт формасымен жанкүйерлерді тәнті етіп келеді. Зидан «Реалдың» бас бапкері кезінде осы футболшыны команда құрамына қанша қосқысы келгенімен оның сәті бола қойған жоқ. Азар былтырғы маусымда «Челси» клубымен бірге Англия Кубогын иеленіп, әлем чемпионатында Бельгия ұлттық құрамасымен үшінші орынды жеңіп алды. Лука Модричтен кейінгі чемпионаттың үздік ойыншысы атанды. 

4. Кевин де Брюйне

Клубы: «Манчестер Сити»
Жасы: 27
Жыл басындағы трансфер бағасы: 75 миллион еуро
Жыл соңындағы трансфер бағасы: 150 миллион еуро
Өсу: 75 миллион еуро (100 пайыз). 

Де Брюйне «Сити» клубы сапында Англиядағы негізгі 4 кубоктың 3-еуін жеңіп алды. Әлем чемпионатында да сәтті өнер көрсетіп 3 голдың авторы, Премьер лигада үздік ассистент атанды.

5. Филиппе Коутиньо

Клубы: «Барселона»
Жасы: 26
Жыл басындағы трансфер бағасы: 65 миллион еуро
Жыл соңындағы трансфер бағасы: 140 миллион еуро
Өсу: 75 миллион еуро (115,4 пайыз).

Қаңтар айында «Ливерпульден» «Барселонаға» өткен бразилиялық футболшы католония командасының құрамында сәтті ойын өрнегімен көзге түсті.

6. Харри Кейн

Клубы: «Тоттенхэм»
Жасы: 25
Жыл басындағы трансфер бағасы: 80 миллион еуро
Жыл соңындағы трансфер бағасы:150 миллион еуро
Өсу: 70 миллион еуро (87,5 пайыз).

Әлем чемпионтаның үздік сұрмергені атанаған Кейн «АПЛ-де» де голдар сериясын жалғыстырып келе жатыр. Ол өткен маусымда 49 рет жасыл алаңға шығып, 32 рет қақпаны дәл көздеген.

7. Рахим Стерлинг

Клубы: «Манчестер Сити» 
Жасы: 24
Жыл басындағы трансфер бағасы: 50 миллион еуро
Жыл соңындағы трансфер бағасы: 120 миллион еуро
Өсу: 70 миллион еуро (140 пайыз). 

Ол биылғы маусымда сәтті өнер көрсете бастады. Әлем чемпионатынан кейін ойыны жүрген Стерлинг «Манчестер Ситидің» маңызды голдарын соқты. 

8. Лерой Сане

Клубы: «Манчестер Сити»
Жасы: 22
Жыл басындағы трансфер бағасы: 45 миллион еуро
Жыл соңындағы трансфер бағасы: 100 миллион еуро
Өсу: 55 миллион еуро (122,2 пайыз). 

Сане әлем чемпионаты кезінде Германия ұлттық құрамасының құрамына шақырылмағаны үшін бапкер Йоахим Лёв жанкүйерлер наразылығына ұшыраған болатын. Ол шынында да маңызды ойыншы екенін дәлелдеп, «Манчестер Сити» құрамында әдемі ойын өрнегімен жанкүйерлер ықыласына бөленіп келеді. 

9. Антуан Гризманн

Клубы: «Атлетико Мадрид»
Жасы: 27
Жыл басындағы трансфер бағасы: 100 миллион еуро
Жыл соңындағы трансфер бағасы: 150 миллион еуро
Өсу: 50 миллион еуро (50 пайыз). 

Гризманн өткен маусымдарда да өзінің қымбат футболшы екенін дәлелдей алған ойыншы. «Атлетико Мадрид» сапында жасындай жарқылдаған ойыншы, талай тіс қаққан қорғаушыларды қапы қалдырып, гол соға алған. Ресейдегі әлем чемпионатындағы Францияның жеңісі оның трансферлік құнын тағы да көтерді. 

10. Н'Голо Канте

Клубы: «Челси»
Жасы: 27
Жыл басындағы трансфер бағасы: 50 миллион еуро
Жыл соңындағы трансфер бағасы: 100 миллион еуро
Өсу: 50 миллион евро (100 пайыз).

Футбол тарихындағы ең ұяң, әдепті ойыншы «АПЛ»-дің ғана емес, Франция ұлттық құрамасының да маңызды ойыншысы бола білді. Әлем чемпионатында командаластарының қатесін түзетіп, Францияның бұл жүлдені тағы бір рет жеңіп алуына үлкен үлес қосты.

0
Рейтинг: +0

Фото: sport-express.ru
Қосылған күні: 31 желтоқсан 2018, 08:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.