Қазақстан премьер-лигасындағы 2018 жылдың ең үздік голы анықталды

Қазақстан премьер-лигасындағы 2018 жылдың ең үздік голы анықталды
Фото: "Ақтөбе" ФК

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы ең үздік голды анықтады. Дауыс беру нәтижесі бойынша бұл марапатқа "Ақтөбе" футбол клубының шабуылшысы Маркос Пизелли ие болды.

Ақтөбелік команданың армениялық легионері маусымдағы ең үздік голды ХVI турда "Шахтер" қақпасына соққан.

Айта кетейік, Маркос Пизелли осы маусымның ең үздік футболшысы атанған да болатын. Сондай-ақ 24 ойында 18 гол соғып, ең үздік сұрмерген де атанған футболшы.

Маусымның ең үздік үш голы:

1. Маркос Пиззеллидің голы ("Ақтөбе" - "Шахтер" 2:0) - 2106 дауыс;
2. Марин Томасовтың голы ("Астана" - "Қайрат" 3:2) - 1167 дауыс;
3. Исаэльдің голы ("Атырау" - "Қайрат" 1:3) - 851 дауыс

Ө. Сансызбай