Месси Роналду жаңартуы қиын рекорд орнатты

Месси Роналду жаңартуы қиын рекорд орнатты
Фото: CGTN

Футбол әлеміндегі Месси мен Роналду арасындағы бәсекелестік бір бөлек әңгіме. Бәлкім екі футболшы бір-біріне шын бәсекелес болғысы келмейтін де шығар. Дегенмен жанкүйерлер барда, БАҚ барда, рекорд жаңарған кездерде футболда бәсекелестік назардан тыс қалуы қиын.

Португалдық футболшы Чемпиондар лигасы тарихында ең көп гол (121 гол) соққан сұрмерген. Сондай-ақ күні кеше осы жарыстағы 100-ші жеңісін тойлады. Ал Месси ше? Аргентиналық футболшы Еуропаның басты додасында 106 гол соққан. Барлық голын "Барселонада" жүріп (өзге командада ойнамаған) өз еншісіне жазды. Осы тұсқа келгенде жаңа рекорд орнады. Месси бір команда сапында (Чемпиондар лигасы тарихында) ең көп гол соққан алғашқы ойыншы болды.


Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында "Ювентуске" дейін "Манчестер Юнайтед" пен "Реалда" ойнады. Мадридтік клуб жейдесін киіп алаңға шығып 105 гол соққан. Туриндік клубта бұл межесінен асып, Мессиді басып озуы екіталай. "Корольдік клубқа" қайта оралуды әзірге ойламайды да. Сондықтан да "Барселона" көшбасшысы орнатқан рекорд жақын арада жаңаруы қиын.

Айта кетейік, батыс басылымдарының бейресми деректері бойынша биыл Месси мен Роналду "Алтын допқа" басты үміткерлер қатарында емес.

Түнде өткен ойындар нәтижелері

"A" тобы

"Боруссия" (Германия, Дортмунд) - "Брюгге" (Бельгия) - 0:0

"Атлетико" (Испания) - "Монако" (Франция) - 2:0 
Гол соққандар:Коке, 2, Антуан Гризманн, 24
Гол соққандар - Стефан Савич, 82 («Атлетико»)

"B" тобы 

"Тоттенхэм" (Англия) - "Интер" (Италия) - 1:0 
Гол соққан: Кристиан Эриксен, 80

ПСВ (Нидерланд) - "Барселона" (Испания) - 1:2
Гол соққандар: Люк де Йонг, 82 - Лионель Месси, 61, Жерар Пике, 70

"C " тобы

"Наполи" (Италия) - "Црвена Звезда" (Сербия) - 3:1 
Гол соққандар: Марек Гамшик, 11, Дрис Мертенс, 33, 52 - Эль-Фарду Бен Набуан, 57

ПСЖ (Франция) - "Ливерпуль" (Англия) - 2:1
Гол соққандар: Хуан Бернат, 13, Неймар, 37 - Джеймс Милнер, 45+1 (пен)

"D" тобы

"Порту" (Португалия) - "Шальке" (Германия) - 3:1
Гол соққандар: Эдер Милитао, 52, Хесус Корона, 55, Мусса Марега, 90+4 - Набиль Бенталеб, 89 (пен)

"Локомотив" (Ресей) - "Галатасарай" (Түркия) - 2:0
Гол соққандар: Гжегож Крыховяк, 43, Владислав Игнатьев, 54  

О. Сансызбай