Роналду рекорды. Чемпиондар лигасындағы 100-ші жеңісін тойлады

Роналду рекорды. Чемпиондар лигасындағы 100-ші жеңісін тойлады

Танымал португалдық футболшы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында кезекті рет жетістік шыңын бағындырды. Ол жарыс тарихында командасымен 100 рет жеңіске жеткен алғашқы ойыншы атанды.

Туриннің "Ювентус" клубында ойнайтын футболшы түнде "Валенсияға" қарсы ойында алаңға шықты. 59 минутта командаласы Марио Манджукичке тамаша пас асырып, жеңісті голдың соғылуына басты себепкер болды. 

Италиялық ұжым бесінші рет қатарынан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Бұл - клуб тарихындағы рекорд.

Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында "Ювентуске" дейін "Манчестер Юнайтед" пен "Реалда" ойнады. Қазіргі таңда жарыс тарихындағы ең үздік сұрмерген (121 гол).

Globe Soccer Awards. Месси үздіктер қатарына енбей қалды

Айта кетейік, португалдық футболшы "Ювентус" сапына осы жазда ауысты. Жылына 30 миллион еуро еңбекақы алады.

Түнде өткен ойындар нәтижелері

"E" тобы

"Бавария" (Германия) - "Бенфика" (Португалия) – 5:1 
Гол соққандар: Арьен Роббен, 13, 30, Роберт Левандовски, 37, 51, Франк Рибери, 77 – Жедсон Фернандеш, 46

АЕК (Грекия) – "Аякс" (Нидерланд) – 0:2
Гол соққандар: Душан Тадич, 68 (пен), 72
Алаңнан қуылды – Марко Ливая, 67 (АЕК)

"F" тобы  

"Лион" (Франция) - "Манчестер Сити" (Англия) - 2:2 
Гол соққандар: Максвелл Корне, 55, 81 – Эмерик Ляпорт, 62, Серхио Агуэро, 83

"Хоффенхайм" (Германия) - "Шахтер" (Украина) – 2:3 
Гол соққандар: Андрей Крамарич, 17, Стивен Цубер, 40 – Исмаили, 13, Тайсон, 15, 90+2
Алаңнан қуылды – Адам Салаи, ("Хоффенхайм")

"G" тобы  

"Рома" (Италия) - "Реал" (Испания) – 0:2 
Гол соққандар: Гарет Бэйл, 47, Лукас Васкес, 59

ЦСКА (Ресей) – "Виктория" (Пльзень, Чехия) – 1:2
Гол соққандар: Никола Влашич, 10 (пен) – Роман Прохазка, 56, Лукаш Хейда, 81
Пенальти соға алмады – Роман Прохазка, 44

"H" тобы

"Ювентус" (Италия) - "Валенсия" (Испания) - 1։0
Гол соққан: Марио Манджукич, 59 

"Манчестер Юнайтед" (Англия) - "Янг Бойз" (Швейцария) - 1:0
Гол соққан: Маруан Феллайни, 90+1