Усейн Болт кәсіпқой футболдағы алғашқы голын соқты

Усейн Болт кәсіпқой футболдағы алғашқы голын соқты
Фото: BolaVip

Әлемге танымал желаяқ, 8 дүркін Олимпиада чемпионы Усейн Болт кәсіпқой футболдағы мансабын бастады. Аустралияның "Сентрал Кост Маринерс" командасында доп тебуді бастаған жеңіл атлет алғашқы голдарын соқты.

Ямайкалық спортшы "Макартур Саут Вест Юнайтед" командасына қарсы жолдастық кездесуде екі бірдей гол соғып, жанкүйерлерін қуантты. Бірінші голын соққанда қорғаушы мен қақпашыны қапы қалдырды. Ал екінші голын қарсыластар қателігінен кейін ашық қақпаға соқты.

Усейн Болт аустралиялық командамен тамыз айында келісімшартқа қол қойған еді. Қос тарап қандай да бір мерзім белгілемеген.

Н. Үсенова