Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Италия чемпионатында ең көп жалақы алатын 10 футболшы

Италия чемпионатында ең көп жалақы алатын 10 футболшы

Италия чемпионатында ең көп жалақы алатын 10 футболшы

Бірер апта бұрын La Gazzetta dello Sport басылымы Италияның ішкі біріншілігінде ең көп жалақы алатын футболшылардың тізімін жариялаған болатын. Күні кеше "Ювентус" клубымен келісімшартын ұзартқан Сами Хедира бұл тізімдегі алғашқы ондыққа енді.

Қазіргі таңда Италия чемпионатында ең жалақы алатын ойыншы, ол - Криштиану Роналду. Жарнама, сыйақы және өзге де табыс түрлерін қоспағанда футболшы жылына 30 миллион еуро алады. Осы жазда ғана туриндік клуб қатарын толықтырған португалдық жаңа командасымен төртжылдық келісімшартқа қол қойған.

Роналдудың жалақысы Италия чемпионатындағы өзге футболшылардан әлдеқайда жоғары. Тіпті мұндай көлемдегі қаржы кей командалардың бүкіл ойыншыларына беретін жылдық жалақысынан көп. Мәселен, "Сассуоло" командасы бүкіл ойыншыларының біржылдық жалақысына 30 миллион еуро шығындайды. Роналду болса бір өзі осындай жалақы алады. Ал "Кальяри" (29), "Дженоа" (29), "Аталанта" (27), "Удинезе" (26), "Парма" (23), "Фрозиноне" (22), "Кьево" (21), СПАЛ (21) және "Эмполи" (16) клубтарында бұдан да төмен.

Италия чемпионатында ең көп жалақы төлейтін клубтар тізімін "Ювентус" бастап тұр. Бір жылда ойыншыларына 219 миллион еуро шығындайды екен. Одан кейінгі орындарға "Милан" (140 миллион еуро) мен "Интер" (116 миллион еуро) командалары жайғасқан.

Роналдудан кейін ең көп еңбекақы алатын ойыншы - Гонсало Игуаин. Ол жаңа клубы "Миланда" жылына 8,5 миллион еуро алады. Үздік үштікте Пауло Дибала тұр. Ол осыған дейінгі келісімшарты бойынша 7 миллион еуро көлемінде табыс тауып келеді.

Туриндік клубпен келісімшартын ұзартқан Сами Хедира жылына 6 миллион еуро алатын болды. Нәтижесінде ең көп жалақы алатын ойыншылар тізімінде 7-орынға көтерілді.

1. Роналду - 30 млн еуро
2. Игуаин - 8.5 млн еуро
3. Дибала - 7 млн еуро
4. Пьянич - 6.5 млн еуро
5. Доннарумма - 6 млн еуро
6. Дуглас Коста - 6 млн еуро
7. Хедира - 6 млн еуро
8. Бонуччи - 5.5 млн еуро
9. Икарди - 5 млн еуро
10. Эмре Джан - 5 млн еуро

Италиядағы клубтар арасында ең көп жалақы алатын жаттықтырушылар көшін Массимилиано Аллегри бастап тұр. Ол "Ювентуста" жылына 7,5 миллион еуро жалақы алады. Одан кейінгі орындарда - Карло Анчелотти ("Наполи", 6,5 миллион еуро) мен Лучано Спалетти ("Интер", 4,5 миллион еуро).

Фото: коллаж
Қосылған күні: 14 қыркүйек, 12:20
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.