Роналду "Реал" сапындағы 400-ші ойынын өткізді

Роналду "Реал" сапындағы 400-ші ойынын өткізді
Фото: Sports.ru

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду мадридтік "Реал" сапындағы 400-ші ойынын өткізді. Түнде өткен Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші турында "корольдік" ұжым дортмундтық "Боруссияны" ұтты.

Шабуылшы "Реалдағы" 400-ші ойынында екі гол соқты. Ал ойын қорытындысы бойынша мадридтік команда 3:1 есебімен жеңіске жетті. Сондай-ақ Дортмундта алғаш рет алаң иелерінен айласын асырды.

Роналду "корольдік клубтағы" 400 ойында 411 гол соққан. 125 рет нәтижелі пас берген. Оның ішінде футболшы Чемпиондар лигасында "Реал" сапында 90 ойынға қатысып, 94 рет мергендік танытқан. Қазіргі таңда Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік сұрмергендердің көшін бастап келеді. 

Түнде өткен Чемпиондар лигасы ойындарының нәтижелері

Чемпиондар лигасы. Топтық кезең. Екінші тур

"E" тобы

"Спартак" (Ресей) - "Ливерпуль" (Англия) 1:1
Голдар: Лукас Фернандо, 23 – Филиппе Коутиньо, 31

"Севилья" (Испания) - "Марибор" (Словения) 3:0
Голдар: Виссам Бен-Йеддер, 27, 38, 83 (пен)

"F" тобы

"Наполи" (Италия) - "Фейеноорд" (Нидерланд) 3:1
Голдар: Лоренцо Инсинье, 7, Дрис Мертенс, 49, Хосе Кальехон, 70 - Софьян Амрабат, 90+3
Пенальти соға алмады - Йенс Торнстра, 68 ("Фейеноорд")

"Манчестер Сити" (Англия) - "Шахтер" (Украина)  2:0
Голдар: Кевин де Брюйне, 48, Рахим Стерлинг, 90
Пенальти соға алмады – Серхио Агуэро, 72 («Манчестер Сити»)

"G" тобы

"Бешикташ" (Түркия) - "РБ Лейпциг" (Германия) 2:0
Голдар: Райан Бабел, 11, Андерсон Талиска, 43

"Монако" (Франция) - "Порту" (Португалия) 0:3
Голдар: Венсан Абубакар, 31, 69, Мигель Лайюн, 89

"H" тобы

АПОЭЛ (Кипр)- "Тоттенхэм" (Англия) 0:3
Голдар: Харри Кейн, 39, 62, 67

"Боруссия Д" (Германия) - "Реал" (Испания – 1:3
Голдар: Пьер-Эмерик Обамеянг, 54 - Гарет Бэйл, 18, Криштиану Роналду, 50, 79

Екі турдан кейінгі турнир кестесі

О. Сансызбай