"Астана" Чемпиондар лигасында қанша табысқа кенелді?

"Астана" футбол клубы 2017/18 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасы жолындағы жарысты аяқтады. Енді еурокубокты Еуропа лигасының топтық кезеңінде жалғастыратын болады. 

Елордалық клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне бір қадам жетпей қалды. Биылғы маусымның екінші іріктеу кезеңінде "Астана" юрмалалық "Спартак" (1:0, 1:1) клубынан, үшінші іріктеу кезеңінде польшалық "Легия" (3:1, 0:1) клубынан үстем түсіп, бірақ плей-офф кезеңінде шотландиялық "Селтик" (0:5, 4:3) клубынан өте алмады. 

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде жеңіске жеткені үшін "Астана" 320 мың еуро алды. Алайда үшінші және плей-офф кезеңіне шыққан командаларға сыйақы қарастырылмаған. Қазақстан чемпионы ретінде өнер көрсетіп, бірақ Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыға алмағаны үшін біздің ұжым 230 мың еуро алады. Сонымен қатар Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін елордалық клубтың есебіне 2,6 миллион еуро аударылады. 

Осылайша, биылғы маусымда "Астана" клубы Чемпиондар лигасында барлығы 3 миллион 180 мың еуро көлемінде табысқа кенелді. УЕФА бұл сыйақыны маусым аяқталғаннан кейін, яғни келер жылдың маусым айында төлейді. Клубтар сонымен қатар маркетингтік құқықтан да сыйақы алатынын айта кетейік. 

Станимир Стойлов жаттықтыратын елордалық ұжым Еуропа лигасында жарысты жалғастырады. Бұл додада өнер көрсететін клубтарға да қомақты сыйақы қарастырылған. Тарқатып айтсақ, Еуропа лигасының топтық кезеңінде жеңіске жеткен команда 360 мың еуро, тең түскен команда 120 мың еуро көлемінде қосымша сыйақы алады. Еуропа лигасындағы "Астананың" қарсыластары 25 тамыз күні Монакодағы жеребе тарту рәсімінен кейін белгілі болады. 

Еуропа лигасының топтық кезеңінде 48 команда өнер көрсетеді. Олар төрт-төрттен 12 топқа бөлінеді. Топтық кезеңнің бірінші ойындары 14 қыркүйек күні басталса, 7 желтоқсан күні мәресіне жетеді. Әр топта үздік шыққан екі команда плей-офф кезеңіне жолдама алады. 

Айта кетейік, кеше өткен қарымта ойында "Астана" "Селтикті" 4:3 есебімен ұтты.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан туралы бейнеролик "Үздік тревел видео" номинациясын жеңіп алды
Қазақстан туралы бейнеролик "Үздік тревел видео" номинациясын жеңіп алды
Еліміздің үздік педагогтері мұғалімдер күні қарсаңында анықталады
Еліміздің үздік педагогтері мұғалімдер күні қарсаңында анықталады
Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек
Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек
Депозит ашарда нені білу керек?
Депозит ашарда нені білу керек?
Kaspi.kz – Қазақстандағы электрон коммерция бойынша № 1 интернет-дүкен
Kaspi.kz – Қазақстандағы электрон коммерция бойынша № 1 интернет-дүкен
Қазақстанда өлім жазасы жойылды
Қазақстанда өлім жазасы жойылды