Месси үйлену тойының уақытын белгіледі

Месси үйлену тойының уақытын белгіледі
Фото: Goal.com.ua

Әлем таныған әйгілі футболшы Лионель Месси үйлену тойын жасайтын уақытты белгіледі. Бұл туралы Hola.com хабарлады.

"Барселона" клубының көшбасшысы 30 маусым күні үйлену тойын жасамақ. Футболшы азаматтық некедегі сыңары Антонелла Рокуццоға үйленеді. Үйлену тойы туған қалалары Росариода өтеді деп күтілуде. Атаулы мерекелеріне 700-ге жуық қонақ шақыруды да жоспарлап отыр екен.

Айта кетейік, 8 жылдан бері отасып келе жатқан Месси мен Антонелла бүгінде екі ұл тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда Тьяго – 5 жаста, Матео – 2 жаста.

О. Сансызбай