Қазақстандық үш футболшы FIFA 17 симуляторының жаңа нұсқасына енгізілді

Қазақстандық үш футболшы FIFA 17 симуляторының жаңа нұсқасына енгізілді
Фото: tengrinews.kz

Қазақстандық үш футболшы FIFA 17 симуляторының жаңа нұсқасына енгізілді.

Тізімге Александр Меркель, Георгий Жуков және Вилли Евсеев енгізілді. Олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш немістердің "Бохума" командасының жартылай қорғаушысында. Ойынды құрастырушылардың ойынша Меркельдің жалпы көрсеткіші 69-ды көрсеткен. Тағы бір жартылай қорғаушы Жуков бір сатыға төмен.

Айта кетейік, маусым басталар уақытта ол ресейлік "Урал" командасына ауысқан. Үшінші қазақстандық жартылай қорғаушы рейтингте 62-орынға жайғасқан. Евсеев немістердің "Нюрнберг" командасында өнер көрсетеді.

FIFA 17 футбол ойындарының жиырма төртінші ойын нұсқасы. Ол Microsoft Windows, PlayStation 4, PlayStation 3, Xbox One және Xbox 360 платформаларына арналған. Тарихта бірінші рет Frostbite Engine жүйесінде шығып отыр. Ойынның басты бетінде "Боруссия" клубының және Германияның ұлттық құрамасының ойыншысы Марко Ройс бейнеленген.

B. ZHAQSYMBET