Футбол туралы қызық деректер #2

Футбол туралы қызық деректер #2

Теріден жасалған көне футбол добы Англия мен Грецияда археологиялық қазбалар жүргізу кезінде табылған. Көне грек аңызына сенсек, адамдардың басты қызығушылығына айналатын ойынның пайда болуына махаббат құдайы Афродита негіз болған екен. Ол алғашқы теріден жасалған допты Гефестке (темірші, от құдайы) арнайы жасатып, адамдарға сыйға тартады. Әртүрлі салтқа байланысты доп Күннің, Айдың, тіпті Жердің пішіні ретінде қолданылған.

Қазіргі футболға ұқсас көне ойындар эскимостар (тунгатгак), үндістер (лакота), Рим, Мысыр, Қытай (цуцзю) және инктер өркениетінде орын алған. Ал ең көне футбол Қытайда дамыған.

Ендеше назарларыңызға қазіргі футбол тарихында орын алған қызық оқиғалар туралы мәліметтер ұсынамыз.

Басы

Ол енді футбол ойнауды армандайды

Футзал бойынша Франция құрамасының ойыншысы Али Бендерин 91 жылға ойыннан шеттетілген. Екі бірдей клубпен келісім жасағаны туралы ақпарат расталғаннан кейін осындай шешім қабылданады. Енді Али ұлттық ойындарда 2099 жылдың 31 желтоқсанынан кейін ғана өнер көрсете алады. Алжирде туған француз азаматы Бендерин мырза ол кезде 122 жасқа толады.

Парашютшілер әдейі жасаған

Бразилияда өткен матчтардың бірінде қызық оқиға орын алған. Қатты соққан жел парашютшілерді футбол алаңына қарай ұшырып жібереді. Олардың біреуі қақпаға бағытталған допты қайтармақ болған қақпашының үстіне құлайды. Нәтижесінде гол болып, команданың наразылығына қарамастан арбитр оны есепке алады.

Нағыз достықтың белгісі

1976 жылы 20 наурызда өткен Ағылшын премьер-лигасы матчында Крис Никол есімді футболшы есте қаларлық ойын көрсеткен. Астон Вилла ойыншысы Лестер Ситиге қарсы ойында төрт голдың авторы атанады. Покердің екеуі қарсыластар қақпасына бағытталған болса, қалған екеуі өз командасына қарсы тебілген еді. Нәтижесінде матч 2:2 есебімен аяқталады. Ал Крис Никол кездесудің басты кейіпкеріне айналады.

Крис Никол, Астон Вилла футбол клубының бұрынғы ойыншысы

Тәртіпсіз футболшы

2008 жылы аргентиналық футболшы Родольф Гарсия клубтық біріншілікте киімін шешіп билегені үшін ескерту алады. Ол содан кейін арбитрге наразылығын білдіріп, ұятты жерін көрсетеді. Сосын ол бірден ойыннан шеттетіледі. Родольф Гарсия ол кезде Эквадордың «Эсполи» футбол клубында өнер көрсеткен болатын.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
iPhone 12-нің бағасы қанша?
iPhone 12-нің бағасы қанша?