7-сыныптың оқулығында Cабина Алтынбекова жайлы жаттығу бар

7-сыныптың оқулығында Cабина Алтынбекова жайлы жаттығу бар
Фото: vesti.kz

Cұлулығымен талайларды тамсандырған қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекова туралы ақпарат пен қызықты деректер 7-сыныптың орыс тілі оқулығына енген. Оқулықта оның қалай танымалдылыққа ие болғаны туралы да жазылған.

Vesti.kz сайтының хабарлауы бойынша, Сабина туралы жазылған жаттығу жұмысында cан есімдердің дұрыс жазылуы туралы тапсырма берілген. Ал тақырыбы жапон анимелеріне қатысты алынған.

2016 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан оқулықты Э.Д. Сүлейменова, О.Б. Алтынбекова мен Г.Б. Мадиева құрастырған.

Айта кетейік, Сабина Алтынбекова XVII Азия чемпионатында хас сұлу спортшы атағына ие болып, есімі көпшілікке танылған болатын. Бүгінде оның «instagram» желісіндегі ресми парақшасында 608 мың жазылушы бар. 

О. Сансызбай