2015/2016 жылғы маусымдағы ең үздік 100 гол (видео)

2015/2016 жылғы маусымдағы ең үздік 100 гол (видео)
Фото: eurosport.ru

Еуропаның көп елдерінде футбол маусымы өз мәресіне жетті. Алдағы екі айдан астам уақыт ішінде клубтар құрамын жаңа ойыншылармен толықтыратын болады. Сондай-ақ, футболшылар ұлттық құрама сапында ірі жарыстарға қатысады. Атап айтар болсақ, 10 маусым мен 10 шілде аралығында Францияда Еуропа чемпионаты өтсе, 3-26 маусым аралығында АҚШ-та Америка кубогы сарапқа салынады. Сонымен қатар, қартамыс құрлықтың клубтар арасындағы басты додасы саналатын Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының финалдық кездесулері ғана қалды. Еуропа лигасының жеңімпазы 18 мамыр күні, Чемпиондар лигасының жеңімпазы 28 мамырда анықталатын болады. Ал бүгін біз сіздердің назарларыңызға мәресіне жеткен маусымда (2015-2016) соғылған ең үздік 100 голды ұсынамыз.

О. Сансызбай