Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Месси соққан 500 гол (видео)

Месси соққан 500 гол (видео)

Месси соққан 500 гол (видео)

Испания ла лигасының ХХХІІІ тур ойындарында Лионель Месси спорттық мансабындағы 500-голын соқты. Аргентиналық сұрмергеннің бұл жетістікті бағындыруына 12 жыл уақыт кеткен.

Спорттық мансабындағы бірінші голы

Лионель Месси каталондық «Барселона» сапындағы алғашқы ойынын 2003 жылдың 17 қарашасында «Порту» клубына қарсы өткізді. Алайда бұл ойын – жолдастық кездесу болатын. Клуб қатарындағы ресми ойынына 2004 жылдың 16 қазанында шықты. Каталондық дербиде «Барселона» «Эспаньолды» жеңгенмен, Месси гол соққан жоқ. 2005 жылдың 1 мамырында Месси спорттық мансабындағы бірінші голын соқты. «Альбасетеге» қарсы ойында аргентиналық ойыншы қосалқы құрамда қалды. Екінші тайм алаңға шығып, гол соқты. Бірақ, бірінші голы оффсайд ережесіне сәйкес есепке алынбады. Қосымша уақытта әйгілі Рональдинюдан пас алған Месси қарсылас қақпашысының қапысын тауып, алғашқы голын соқты. Сондай-ақ, каталондық клуб сапында гол соққан ең жас ойыншы атанды. Ол кезде Месси 17 жаста болатын.

Чемпиондар лигасындағы бірінші голы

Лионель Месси Чемпиондар лигасындағы бірінші голын Грекияның «Панатинаикос» клубына соқты. Бұл оның спорттық мансабындағы екінші голы болатын. Ал қазір аргентиналық ойыншы Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік сұрмергендердің бірі. 106 ойында 83 гол соққан.

Ұлттық құрама сапындағы бірінші голы

Месси Аргентина жастар құрамасында жүргенде 14 гол соққан. Ал ересектер арасындағы командаға өткенде бірінші голын әлем чемпионатында соқты. 2006 жылы Германияда өткен додада шабуылшы Сербия және Черногория құрамасының (ол кезде бөлінбеген) қақпасын дәл нысанаға алды. 2010 жылы ОАР-да өткен әлем чемпионатында Месси гол соға алған жоқ.

«Эл классикодағы» бірінші голы мен алғашқы хет-тригі

Месси - «эл классиконың» ең үздік сұрмергені. Мадридтік «Реал» қақпасына 21 гол соққан. Ең алғашқы голын «корольдік клуб» қақпасына 2007 жылдың 10 наурызында салды. Сол ойында бір емес, үш гол соқты. Нәтижесінде спорттық мансабындағы алғашқы хет-тригін орындады.

Чемпиондар лигасы финалындағы бірінші голы

Лионель Месси Чемпиондар лигасы финалындағы бірінші голын 2009 жылы «Манчестер Юнайтед» қақпасына баспен соқты. Ол кезде Мессидің толысып, каталондық клубтың негізгі құрам ойыншысына айналып үлгерген кезі болатын.

Алғаш рет покер орындаған ойыны

Аргентиналық сұрмерген 2010 жылы алғаш рет бір ойында 4 гол соқты. Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Арсеналға» қарсы ойында Месси жасындай жарқылдады.

Алғаш рет пента-трик орындаған ойыны

Месси 2012 жылдың 7 наурызында леверкузендік «Байер» (Чемпиондар лигасы, плей-офф) қақпасын 5 гол соғып, спорттық мансабындағы алғашқы пента-тригін орындады. Сондай-ақ, бір ойында 5 гол соққан ойыншы ретінде Чемпиондар лигасының рекордын орнатты. Бұл рекордты 2014 жылы Луис Адриано жаңартты.

«Барселона» тарихындағы ең үздік сұрмерген

Месси – каталондық клубтың тарихында қалар аңыз ойыншылардың бірі. Клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген. Қазіргі таңда ойыншы «Барселона» сапында 450 гол соққан.

Испания ла лигасы тарихындағы ең үздік сұрмерген

Месси «блаугрананың» ғана емес, Испания чемпионатындағы ең үздік сұрмерген. 2014 жылдың 22 қарашасында каталондық клубтың ойыншысы «Севилья» қақпасына екі гол соғып, ла лига тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Әйгілі Тельмо Сарраның рекордын жаңартты.

Лионель Месси спорттық мансабындағы 500 голын 632 ойында соққан. Назарларыңызға ойыншының барлық голдары топтастырылған бейнероликті ұсынамыз.

Фото: eurosport.ru
Қосылған күні: 19 сәуір 2016, 13:07

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.