Роналду рекорд қана орната бермейді

Роналду рекорд қана орната бермейді
Фото: news.sportbox.ru

Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реал» көшбасшысы Криштиану Роналду жеке антирекордын орнатты. Ол команданың «Лас-Пальмасқа» қарсы ойынында допқа 28 рет қана иелік еткен.

Әлем таныған әйгілі сұрмерген «Лас-Пальмасқа» қарсы ойында көзге түскен жоқ. Бар болғаны 28 рет қана аяғына доп тиген. Бұл португалдық ойыншының мадридтік клуб сапындағы ең төменгі нәтижесі. Ол осыған дейін екі тайм ойнамаған күннің өзінде мұндай нәтиже көрсетпеген.

Айта кетейік, қазіргі таңда Роналду өнер көрсететін «Реал» Испания ла-лигасында үшінші орында тұр. Көш басындағы «Барселонадан» 12 ұпайға қалып келеді. 

Ө. Сансызбай