Роналдудың «Реалдағы» барлық хет-тригі (видео)

Роналдудың «Реалдағы» барлық хет-тригі (видео)
Фото: eurosport.ru

Футболда бір ойында 3 гол соққан футболшыны – хет-трик авторы деп атайды. Тарихтағы ең жылдам хет-трик 90 секундта орындалған. Бұл рекордты «Росс Каунти» клубының ойыншысы Томас Росс тіркеген.

Бүгінде әлемнің үздік ойыншыларының бірі саналатын Криштиану Роналду спорттық мансабында 36 рет хет-трик жасаған. Жақында мадридтік клубтың баспасөз қызметі португалдық ойыншының команда сапында жасаған барлық хет-триктерін топтастырған бейнебаян жариялады. Әйгілі сұрмерген ең жылдам хет-тригін 8 минутта орындаған.

31 жастағы Криштиану Роналду «корольдік клуб» сапында 36 ойында үш голдан көп соққан.

Ө. Сансызбай