Еурокубоктың ең үздік сұрмергендері

Еурокубоктың ең үздік сұрмергендері
Фото: vk.com

Париждің «ПСЖ» клубында ойнайтын Златан Ибрагимович Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Челси» қақпасына еурокубоктағы 50-голын соқты. Нәтижесінде лондондық «Челси» екінші жыл қатарынан париждік клубтан ұтылып, ширек финалға шыға алмады.

Осы маусымдағы Чемпиондар лигасында «Астанамен» бір топта ойнаған лиссабондық «Бенфика» сәтті өнер көрсетіп келеді. Екі ойында да Ресейдің «Зенит» клубын жеңген португалдық клуб ширек финалға еш қиындықсыз өтті.

Осыған дейін 2015/2016 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан екі клуб белгілі болған еді. Оның бірі – «Вольфсбург» болса, екіншісі – мадридтік «Реал» еді. Ал бүгін назарларыңызға УЕФА ұйымдастыратын еурокубок додаларында ең көп гол салған ойыншылардың нәтижесін ұсынамыз. Бұл рейтингте португалдық сұрмерген Криштиану Роналду көш бастап келеді.

Еурокубоктың ең үздік сұрмергендері:

93 гол: Криштиану Роналду ("Спортинг", "Манчестер Юнайтед", "Реал") 
85 гол: Лионель Месси ("Барселона") 
77 гол: Рауль Гонсалес ("Реал", "Шальке-04") 
70 гол: Филиппо Индзаги ("Парма", "Ювентус", "Милан") 
67 гол: Андрей Шевченко ("Динамо" Киев, "Милан", "Челси") 
62 гол: Герд Мюллер ("Бавария") 
62 гол: Рууд ван Нистелрой ("Херенвеен", ПСВ, "Манчестер Юнайтед", "Реал", "Гамбург") 
59 гол: Тьерри Анри ("Монако", "Арсенал", "Барселона") 
59 гол: Хенрик Ларссон ("Фейеноорд", "Селтик", "Барселона", "Манчестер Юнайтед", "Хельсинборг") 
56 гол: Эйсебио ("Бенфика") 
54 гол: Алессандро Дель Пьеро ("Ювентус") 
50 гол: Альфредо Ди Стефано ("Реал") 
50 гол: Дидье Дрогба ("Олимпик", "Челси", "Галатасарай") 
50 гол: Златан Ибрагимович ("Аякс", "Ювентус", "Интернациональ", "Барселона", "Милан", "ПСЖ")

Ө. Сансызбай